5В050600 "Экономика"

Білім беру бағдарламасы

оқу мерзімі: күндізгі оқу түрі – 4 жыл

- орта кәсіби оқу орнының (колледж) түлектері үшін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша (күндізгі және сырттай оқу түрі) – оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

- жоғары кәсіби оқу орындарының түлектері үшін (сырттай оқу түрі) оқу мерзімі – 2 жыл.

 

Біліктілігі - «5В050600-Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

«5В050600-Экономика» мамандығы бойынша оқу туралы дипломын алушы С.Торайғыров атындағы ПМУ түлектері оқу кезінде келесі дайындық түрлерінен өтеді.

 

Жалпыкәсіби пәндер:

Шетел тілі, Қазақ (орыс) тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Философия, Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Іс қағаздарын жүргізу, Құқық негіздері, Саясаттану.

Базалық пәндер:

Экономикадағы математика, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Статистика, Бухгалтерлік есеп, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Өнеркәсіптік өндірістің технология негіздері, Эконометрика, 1С бухгалтерия

Профильдік пәндер:

Халықаралық экономика, Кәсіпорын экономикасы, Кәсіпорын қызметінің экономикалық анализі, Кәсіпорының қызметін жоспарлау, Өндірісті ұйымдастыру, Табиғатты пайдалану экономикасы, Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, Кәсіпкерлік, Мәліметтер анализі және экономиканы модельдеу, Бизнесті бағалау, Өндірістік және өндірістік емес сфераның экономикасы.

 

5В051100 "Маркетинг"

Білім беру бағдарламасы

оқу мерзімі: күндізгі оқу түрі – 4 жыл;

- орта кәсіби оқу орнының (колледж) түлектері үшін кешенді тестілеу қорытындысы бойынша (күндізгі және сырттай оқу түрі) – оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

- жоғары кәсіби оқу орындарының түлектері үшін (сырттай оқу түрі) оқу мерзімі – 2 жыл.

 

Біліктілігі - «5В051100-Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

«5В051100-Маркетинг» мамандығы бойынша оқу туралы дипломын алушы С.Торайғыров атындағы ПМУ түлектері оқу кезінде келесі дайындық түрлерінен өтеді.

 

Жалпыкәсіби пәндер:

Шетел тілі, Қазақ (орыс) тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Философия, Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Іс қағаздарын жүргізу, Құқық негіздері, Саясаттану.

Базалық пәндер:

Экономикадағы математика, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Кәсіпорын экономикасы, Статистика, Бухгалтерлік есеп, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, 1С бухгалтерия

Профильді пәндер:

Маркетинг, маркетингтік зерттеу, Маркетингтік коммуникациялар, маркетингті басқару, Логистика, Маркетингтік бақылау, Өнеркәсіптік маркетинг, Ақпараттық маркетинг

 Негізгі дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен, шығармашылық жұмысқа бейімділігін танытқан түлектер «Экономика» кафедрасында магистратурада білімдерін жалғастыра алады:

- 6М050600 «Экономика»: ғылыми-педагогикалық бағыт - оқу мерзімі – 2 жыл, бейінді бағыт: оқу мерзімі – 1 жыл, оқу түрі- күндізгі;

- 6М051100 «Маркетинг»: ғылыми-педагогикалық бағыт - оқу мерзімі – 2 жыл, бейінді бағыт: оқу мерзімі – 1 жыл, оқу түрі- күндізгі.

Келесі мамандық бойынша докторантурада оқу мүмкундігі бар:

- 6D050600 «Экономика» - оқу мерзімі – 3 жыл.

Сабақтарды экономики, менеджмента, маркетинга, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы жетекші мамандар жүргізеді – э.ғ.д., профессор Л.С. Гребнев (жоғары экономика мектебінің профессоры, Москва қ., РФ), э.ғ.д., профессор М.М. Бегентаев, т.ғ.к. экономика доценті Т.Я. Эрназаров, э.ғ.к., доцент С.К. Кунязова, э.ғ.к. Д.З. Айгужинова, т.ғ.к. экономика доценті С.С. Донцов, э.ғ.к., доцент Н.С. Кафтункина, э.ғ.к. А.А. Нургалиева, э.ғ.к. М.М. Омаров, к.э.н., доцент С.А. Рахимова, э.ғ.к. доцент А.А. Титков, PhD докторы М.К. Каримбергенова, PhD докторы Г.Д. Баяндина, PhD докторы Н.В. Кофтанюк, PhD докторы М. Жанат.

 Алынған біліктілік кәсіпорындарда және меншікті фирмаларда, ғылыми-зерттеушілікте, жоба-құрылыс ұйымдарда; аудиторлық-консалтингілік фирмаларда, қаржы және экономиканы басқару органдарда; муниципалды басқару органдарда жұмыс істеуге, сонымен қатар магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Кафедра оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, жазғы университеттерге белсенді қатысады, халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, кәсіпорындағы менеджмент жүйесін қалыптастыруын, ҚР кәсіпорындарында маркетинг жүйесін енгізуді жүргізеді.

Экономика және маркетинг саласындағы мамандықтарды дайындау үрдісі "Экономика" түлек шығару кафедрасында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Дәрістік, практикалық, зертханалық және семинарлық сабақтарын жүргізу әдістері және түрлері үнемі жетілдірілуде. Студенттердің ғылыми жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар: семинарларға, конференцияларға, сайыстарға, жоғары оқу орындары ұйымдастырған халықаралық ұйымдастырулармен қорларға. Кафедра студенттеріне шетелде оқуға мүмкіндіктері бар: Германияда, Англияда, АҚШ, Турцияда және т.б.

Студенттер мен оқытушылар жақын және алыс шет елдерде оқуға мүмкіндік беретін халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысады.

Кафедраның оқытушылары мен студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазЭУ, ҚМЭБИ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жетекші университеттерімен ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа ие. Оқыту барысында біздің студенттеріміз қаланың және облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында: «ЕЭК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, «Қазхром» ТНК, «Павлодар» ЖШС « және т.б. өз тәжірибелерін өтеді.

Көптеген студенттер өндірістік практика аяқталып, жақсы ұсыныстар жасаған жағдайда дипломдық жұмысты қорғағанға дейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Түлектер жыл сайын жұмысқа орнығады.

Жоғары дайындық деңгейін көрсеткен және ғылыми жұмысқа бейімділігін көрсететін түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады. Магистратурада оқу бюджеттік және ақылы негізде толық көлемде жүргізіледі

Зерттеу тақырыбының кең ауқымы студенттерге – түлектерге өз мансабын құруға көмектесетін кәсіби дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді: сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және қаланың және облыстың жетекші кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Университетте оқитын студенттер оқу кезеңінде әскери қызметті кейінге қалдыруға құқылы.