«Қазақстан халқы кітапханасы» оқу залы

«Қазақстан халықтарының кітапханасы» оқу залы 2011 жылдың 20 қыркүйегінде университеттің арнайы жобасы бойынша ашылды.

«Қазақстан халқы кітапханасын» ашу жобасының мақсаты Қазақстан халқының тұрақтылығын арттыру, қоғамдық татулық пен рухани бірлігін нығайтуға септігін тигізу болып табылады.

Жобаны жүзеге асыруға университет ұжымы жаппай ат салысты. Қазақстан халықтарының тілдерінде көркем әдебиет жинау бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.

Жаңадан ашылған «Қазақстан халқы кітапханасы» оқу залының кітап сөрелерінде Армения мен Азербайжан Ұлттық кітапханасы, Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы, университетіміздің профессорлық-оқытушы құрамы сиға тартқан кітаптар орналасқан. 

Бүгінгі күнде кітапхана қоры 2500 мың данадан астам көпұлтты Қазақстан тілдеріндегі кітаптардан тұрады. Қор жасақтау бойынша жұмыстар жалғасуда.