Кафедра келесі мамандықтар бойынша кадрларды дайындайды.

5В050900 «Қаржы»

Білім беру бағдарламасы

Оқу нысаны – күндізгі және қашықтықтан.

Оқу мерзімі:

• 4 жыл – орта білім беру база бойынша  күндізгі нысаны.

• 3 жыл – орта кәсіптік білім базасы бойынша қашықтықтан оқыту нысаны.

• 2 жыл – жоғары кәсіптік білім беру базасы бойынша  қашықтықтан оқыту нысаны

5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша – Экономика және бизнес бакалавры –квалификациясы беріледі.

Жоғары оқу орнын бітірген соң студенттер оқуын 6М050900 «Қаржы» мамандығы бойынша магистратурасында жалғастыра алады.

Базалық пән бойынша қаржы бакалавры Экономикалық теория мен экономикалық заңдылықтарды, Микро- және Макроэкономика Менеджментінің сұрақтарын, Кәсіпорын экономикасын, Ақша мен кредитті, Мемлекет пен бизнес байланысын, Статистикалық зерттеу әдістерінің түрлерін жетік білуі талап етіледі.

Профильдік пәндер циклы бойынша студенттер Қаржы теориясын, Корпоративтік қаржыны, Банк жұмысын ұйымдастыруды, Есептік, Валюталық операцияларды жүргізуын, Тәуекелділіктерді басқару, Салықсалу теориясы мен тәжірибесін, Мемлекеттік бюджетті, Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасын, Инвстицияны қаржыландыру мен несиелеу, Инвестиция жобасының тиімділік сұрыптауын, Қаржы нарығындағы ұйымдастыру операцияларын меңгереді.

Осы мамандық бойынша студенттермен сабақтарды ақпараттық жүйе, бухгалтерлік есеп, қаржы саласындағы үздік оқытушылар жүргізеді:– э.ғ.к. Сартова Р.Б., э.ғ.к. Кафтункина Н.С., э.ғ.к. Айгужинова Д.З., э.ғ.к. Салихова А.Р., э.ғ.к.. Попп Л.А., э.ғ.к. Абильшаиков Н.Б., PhD докторы Кофтанюк Н.В., аға оқытушылар Шафеева Л.А., Ксембаева А.Н., Мухамедова М.М., Ещанова Р.С., Богданова Е.А., Назаренко О.В., Абдрахманова А.С.

Университетті бітірген студенттерге жоғары білім алғаны жөніндегі мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

5В050900 «Қаржы» мамандығының бакалаврлары Салық орындарында, Қазынада, Қаржы бақылау ұжымдарында, Қаржы және қаржыны жоспарлау бөлімдерін басқару, Фирма, Банк және түрлі саладағы басқа да Жекеменшік шаруашылық субъектілерінде, Кәсіпорындарда жұмыс істей алады.

Кафедра студенттері мен оқытушылары семинарларда, конференцияларда, халықаралық ұйымдар өткізетін жазғы университеттерде, институттарда, қорларда, ғылыми-зерттеу және ғылыми–тәжірибелік жұмыстарды, кәсіпорындағы қаржы менеджментін қалыптастыруға, ҚР қаржы жүйесінің және ҚР банк жүйесінің өркендеуіне белсене ат салысады.

6М050900 «Қаржы»

Оқу нысаны - күндізгі.

Оқу мерзімдері:

• 1 жыл– бейінді.

• 2 жыл – ғылыми және педагогикалық.

Түлекке «6М050900 Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі» академиялық деңгейі беріледі.

ЖОО-нын бітірген соң магистранттарының «Қаржы» мамандығы бойынша докторантурада оқуға мүмкіндіктері бар.

Бастапқы пәндер циклы бойынша қаржы магистрі Кәсіби пәндерді оқыту, Психология, Педагогика ғылымның тарихы мен Философиясы бойынша білікті болуы тиіс.

Кәсіптендіру пәндерінің циклі бойынша магистранттар «Коммерциялық банктердің қызметін мемлекеттік реттеу», «Салықтық жоспарлау», «Экономикалық қызмет субъектілерінің қаржы саясатының өзекті мәселелері», «Қаржы менеджменті (ілгерілетілген курс)», «Халықаралық салық салу», «Қаржы нарықтары және делдалдары (ілгерілетілген курс)», «Стратегиялық банктік менеджмент», «Ақшалы-несиелі саясат», «Қаржы дағдарыстардың теориясы», «Корпоративтік басқару», «Қаржы ресурстарды басқару», «Тереңдетілген қаржылық талдау», «Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау» пәндерін оқиды.

Осы мамандық бойынша студенттермен сабақтарды қаржы саласындағы үздік оқытушылар жүргізеді:– э.ғ.к. Сартова Р.Б., э.ғ.к. Кафтункина Н.С., э.ғ.к. Айгужинова Д.З., э.ғ.к. Салихова А.Р., э.ғ.к.. Попп Л.А., э.ғ.к. Абильшаиков Н.Б., аға оқытушылар Шафеева Л.А., Мухамедова М.М., Ещанова Р.С., Кулембаева А.С.

6М050900 «Қаржы» мамандығының магистранттары тәжірибесіз алғашқы қызметтерін ЖОО-да, ғылыми-зерттеу, экономикалық институттарда, қаржылық және бюджеттік жүйені мемлекеттік реттеу органдарында, қаржы институттарында және бюджеттік ұйымдарда қызметін атқара алады.

Кафедра студенттері мен оқытушылары семинарларда, конференцияларда, халықаралық ұйымдар өткізетін жазғы университеттерде, институттарда, фондларда, ғылыми-зерттеу және ғылыми–тәжірибелік жұмыстарды, кәсіпорындағы қаржы менеджментін қалыптастыруға, ҚР қаржы жүйесінің және ҚР банк жүйесінің өркендеуіне белсене ат салысады.

«Қаржы және есеп» кафедрасында мамандарды дайындау жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Әр уақыт сайын дәріс, тәжірибелік, зертханалық және семинарлық сабақтарын жүргізудің нысандары мен әдістерін жаңартылып отырады. Магистранттардың ғылыми жұмыстарға қатысу мүмкіндігі бар: Халықаралық ұйымдармен, қорлармен, ЖОО-мен өткізілетін семинарлар, конференциялар, сайыстар. Кафедра магистранттар шет елдерде оқуға мүмкіндігі бар: Германия, Англия, АҚШ, Түркия және т.б.

Студенттер мен оқытушылар алыс және жақын шетелдерде тәжірибе жинақтау үшін халықаралық білім бағдарламаларына қатысады.

Жыл сайын түлектерді бөлу жүзеге асырылады. Дайындықтың жоғары деңгейі мен ғылымы жұмысқа бейіндерін көрсеткен түлектері докторантурада білімін жалғастыруға мүмкіндігі бар. Магистратурада білім алу күндізгі түрде бюджеттік және ақылы нысанда жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулердің кең спектрі магистранттарға – өздерінің қызметін қалыптастыруға бағытталған өздерінің кәсіби біліктерін бекітуге: олар қажетті, бәсекеге қабілетті, және алдыңғы қатарлы облыстарда және қалаларда өз қызметін жүзеге асырады.

5В050800 – Есеп және аудит

Білім беру бағдарламасы

Оқыту нысаны – күндізгі және қашықтықтан

Оқу мерзімі:

• 4 жыл – орта білім беру база бойынша  күндізгі нысаны.

• 3 жыл – орта кәсіптік білім базасы бойынша қашықтықтан оқыту нысаны.

• 2 жыл – жоғары кәсіптік білім беру базасы бойынша  қашықтықтан оқыту нысаны 

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша – Экономика және бизнес бакалавры –квалификациясы беріледі.

Негізгі пәндер циклі бойынша есеп және аудит бакалавры Экономикалық теория және экономикалық заңдар негіздері, Микро- және Макроэкономиканың, Маркетингтің, Менеджменттің, Өлшемдік зерттеулер әдістерінде және тәсілдеріндегі сұрақтар бойынша, Бухгалтерлік есепті және т.б. ұйымдастыру сұрақтары бойынша құзыретті болуы қажет.

Кәсіптік пәндер циклі бойынша студенттер І, ІІ Қаржылық есепті, Басқару есебін, Аудит, Тәжірибелік аудит, Аудиттің халықаралық стандарттары, Қаржылық және басқармалық анализ, Бизнеске баға беру, Экономика саласындағы есептің ерекшеліктері, Басқармалық шешімдерді қабылдау үшін Қаржылық есептің талдауын зерттейді.

Студенттерге қаржылар, бухгалтерлік есеп, экономика, ақпараттық жүйелер саласындағы үздік оқытушылары – кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Сартова Р.Б.,э.ғ.к. доцент Мусина А.Ж., э.ғ.к., профессор Кафтункина Н.С., э.ғ.к., доцент Салихова А.Р., э.ғ.к., доцент Айгужинова Д.З., аға оқытушылар Богданова Е.А., Назаренко О.В., Бейсембаева Г.К., Абдрахманова А.С., Темиргалиева А.Б.

Университетті бітірген соң түлектерге мемлекеттік үлгі бойынша жоғары білім беру туралы диплом беріледі.

Алынған біліктілік қазыналық, салық органдарында, қаржылық бақылау органдарында, бас бухгалтерлер, кәсіпорындардың, фирмалардың, банкілердің және т.б. жеке меншіктің түрлі формаларында басқарылатын субъектілердің есеп және есеп беру бөлімдерінің басқарушысы ретінде жұмыс жасауға және магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Кафедра оқытушылары және студенттері ұлтаралық ұйымдармен, институттармен, қорлармен өткізілетін жазғы университеттерде, конференцияларда, семинарларларда белсенді қатысады, қаржылық, басқармалық және салық есебінің, аудитінің, талдауының және олардың компьютерлендірілуі бойынша ғылыми-зерттеушілік және ғылыми-тәжірибелік әрекеттерді ынталы жүргізеді.

Есеп және аудит аясындағы мамандарды даярлау үрдісі жоғары деңгейдегі «Қаржы және есеп» кафедрасында ұйымдастырылған. Әрдайым дәрістік, тәжірибелік, зертханалық және семинар сабақтарын жүргізу әдістері мен тәсілдері жаңартылып отырады. Студенттердің ғылыми жұмысқа қатысу мүмкіндігі бар: ЖОО-мен, ұлтраралық ұйымдар және қорлармен өткізілетін семинарларда, конференцияларда, сайыстарда. Кафедра студенттердің шет елдерде оқуға мүмкіндігі бар: Германияда, Англияда, АҚШ, Турцияда және т.б.

Студенттер және оқытушылар шет елдерде жұмыс тәжірибесін өтуге мүмкіндік беретін ұлтаралық білім беру бағдарламаларына қатысады. Кафедра оқытушылар және студенттердің үздік ЖОО-мен көп жылдық және жемісті байланыс жүргізеді: Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Бөкетов атындағы ҚарМУ, КИМЭП, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті және т.б. Оқу кезінде біздің студенттеріміз қала және облыс кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді: ірі банктердің филиалдарында, «Алюминий Казахстана» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Казхром» АЗФ ТҰК, ПНХЗ, салық комитеттерінде және т.б.

Көптеген студенттердің дипломдық жобаны қорғаудың алдында өндірістік тәжірибені өту және жақсы ұсыныс хатттардың болуы жағдайында жұмыс орнын алуға мүмкіндігі бар. Әр жыл сайын түлектерді үлестіру жүргізіледі.

Дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен және ғылыми жұмысқа ниетін білдірген түлектердің магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Магистратурадағы оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша сол сияқты төлемді, төлемсіз ақы негізінде жүргізіледі.

Ғылыми зерттеулер тақырыптарының кең спектрі студент-түлектерге өз мансабын құруға көмектесетін кәсіптік дағдыларын дамытып жаңартуға мүмкіндік береді: олар қажетті, бәсекеге қабілетті және қала мен облыстың үздік кәсіпорында жұмыс істейді.

Университете оқитын студенттердің оқу кезінде әскери қызметтен босатылу құқығы бар.