Кафедра 5B030100 «Құқықтану» (Білім беру бағдарламасы 2016), (Білім беру бағдарламасы 2017) мамандығы бойынша мамандарды даярлайды. Кафедраның оқу процесін жоғары білікті мамандар, республиканың жетекші ЖОО-ң оқытушылары, сондай-ақ, тәжірибе жұмысы бойынша құндылықтарға ие құқық қорғау органдарының өкілдері де жүзеге асырады.

Берілген мамандықтың түлегі – бұл құқық саласындағы кәсіби қызметке даярланған, жоғары біліктілік пен аналитикалық ойлауды талап ететін өз бетінше мемлекеттік органдарда, шаруашылық субъектілерде және қоғамдық ұйымдарда жұмыс істей алатын маман.  

Ол қоғамның мемлекеттік-құқықтық құрылымын біледі, барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының жүйесін, сот жүйесін, прокуратура және адвокатура органдарының жүйесін, олардың өкілеттіліктерін ажырата алады.           

Азаматтық және қылмыстық құқықтың заңнамаларын, еңбек, қаржы және тағы басқа құқықтық қатынастардың саласын жетік меңгереді, сондай-ақ, құқық қолданушылық қызметі бойынша теориялық және тәжірибелік қабілеттіліктеріне де ие болады.

Кафедраның оқытушылары мен студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.Бүкетов атындағы ҚарМУ, ҚазМЗА сияқты жетекші жоғарғы оқу орындарымен жемісті ынтымақтастық жасауда. Оқу барысында біздің студенттер ішкі істер органдарында, адвокатурада, прокуратурада, қала және облыстың өнеркәсіп орындарында кеңесші-заңгердің көмекшілері ретінде тәжірибеден өтеді.

ЖОО тәмамдағаннан кейін студенттер оқуларын магистратура мен аспирантурада жалғастыра алады.

Оқу мерзімі:

4 жыл – күндізгі ЖОБ  негізінде

3 жыл – күндізгі және сырттай ОКБ негізінде

3 жыл – сырттай ЖКБ негізінде 

- 6М030100 – Заң ғылымдарының магистрі: ғылыми-педагогикалық бағыт: оқу мерзімі - 2 жыл;  кәсіби бағыт: оқу мерзімі -  1 жыл; оқыту нысаны – күндізгі.