Абай Құнанбаев

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза брейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ...


(Абайдың бірінші қара сөзінен үзінді)











Шәкәрім

Бұл әңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған анық іс, біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырынды болғаннан бір-ақ жыл бұрын.

Қалақаман, мамырдың ісіне казақтар теріс көзіменен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі ғашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек.

Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай болсын деп, биыл, жүз тоқсан жыл болып ұмытылған істі алдыңызға қойдым; бұл әңгіме ақсақалдар аузынан да қалып бара жатыр, сол ғашықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім, біздің де іздің жоғалатұғынын ойлап.

(Шәкәрім, Қалқаман-Мамыр)