Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

«Ең әуелі керек нәрсе иман» - деген,

«Ақырет істеріне (ишларына) инан!» - деген!

«Құдай кешірер!» - дегенмен, іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, есен (ибан)» - деген.

(«Бес қымбат» өлеңінен үзінді)











Сұлтанмахмұт Торайғыров

Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай.

Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,

Толықсып толып тұрған сәні қандай.

Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,

Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.

Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,

Жайтаңдап жай күйдірген кезі қандай!

(«Қамар сұлу» романынан үзінді )