Сәбит Мұқанов

Құрметті оқушылар!

Туған жерін жақсы кұрмейтін адамды кездестірмеген боларсыздар. Ал мен өз туған жерімді солардың бәрінен де арты? сүйетін сияқтымын. Егер солайша сүймесем, осы жазғалы отырған естеліктегі оқиғаларға ұрынбаған да болар ем. Ол оқиғаларды баяндайдан бұрын, туған жерімнің жалпы келбетін көз алдарыңызға елестетіп қойғым келеді...

(«Мөлдір махаббат» романынан үзінді)


                                                                     




                                                   





Ғабиден Мұстафин

Жан-жағынан темір арқандармен тартып тастаған түтінсіз темір труба биік дөңнің бетінде тұр. Оны төңіректей, ертеде салынған бес-алты тас барак тым аласа, қайсыбірі жарылып құлауға бейімделген, сыртынан тіреп қойыпты. Барак маңы жота-жота көмір күлдері, жел үп етсе қара боран тұрады.

(«Қарағанды» романынан үзінді )