Мұқағали Мақатаев

- Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың ба ма?!

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

(«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді)


                                                




                                                   



Фариза Оңғарсынова

Халық деген – тылсым бір:

төзімі де теңіздей,

сезімі де теңіздей,

шалқарлығы даладай,

дархандғы баладай.

Қайраты оның – қыл шылбыр,

қырқылмайтын – бір шынжыр

(«Халық деген – тылсым бір» өлеңінен үзінді)








Қасым Аманжолов

Нұрлы дүние – сырлы сарай,

Айқара ашып есігіңді,

Ендім аңсап алтын арай

Арманым жоқ осы күнді.

(«Нұрлы дүние» өлеңінен үзінді)











Қадыр Мырза Әли

Тағдыр бізді тумай жатып тонады.

Тоналған ел қалай тыныш болады?!

Тату-тәтті екі қазақ үйінің

Арасына бір сайтан кеп қонады!

(«Асан қайғының арманы» өлеңінен үзінді )