Қызметкерлерді басқару бөлімнің бастығы - Жакишева Анара Ескеновна.
Қызметкерлерді басқару бөлімі университет қалыптасқан уақытта құрылған.
Қызметкерлерді басқару бөлімінің негізгі міндеттері:
- университетте кадрлық саясатты қалыптастыру;
- университеттің құрылымы мен штатын анықтау;
- кадрларды іріктеу мен бөлу;
- университеттің кадрлармен қамтамасыз етілуінің көзін анықтау және еңбек нарығының жағдайының талдауын анықтау;
- кадрлардың есебі.
Осы негізгі міндеттерге сәйкес кадр және арнаулы жұмыс бөлімі мынадай қызметтерді атқарады:
- кадрлардың сандық және сапалық құрамы жайлы, олардың дамуы мен қозғалысы жайлы мәліметтер жүргізеді.
- университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен бірігіп кадрларды еңбек жайлы заңға сәйкес орналастырады және таңдау жүргізеді.
- кадрлармен жұмыс жасауды жақсарту бойынша нормативті құжаттарды, әдістемелік және нұсқаулық материалдарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
- университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өзара бірлесуінің қарқынды формасын енгізу бойынша және университеттің штаттық кестесі мен құрылымдарын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
- ректордың номенклатурасына енетін барлық категориядағы қызметкерлердің жұмысқа қабылдануы, жұмыстан босатылуы, ауыстырылуы туралы бұйрықтың жобасын енгізеді.
- жеке еңбек келісімдері мен еңбек кітапшаларын рәсімдейді.
- кадрлардың жеке іс парағын жүргізеді, кадрдың есебі бойынша карточкаға қажетті мәліметтерді енгізеді, олардың есебін және сақталуын қамтамасыз етеді.
- ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің ваканттық орнын басуға арналған конкурстық құжаттарды дайындау бойынша шаралар ұйымдастырады.
- профессорлық-оқытушылық құрамның ваканттық қызметін басуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
- қызметкерлерді аттестациядан өткізетін комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
- мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
- университет кадрларының біліктілігін арттыруды бақылауға алады және тіркеп отырады.
- университет кадрларының біліктілігін арттырудың персоналдық және статистикалық есебін жүргізеді.
- кадрлық жұмыстың жағдайы, еңбек тәртібі және оларды жақсарту бойынша жасалатын шаралар туралы аналитикалық жазбалар дайындайды және енгізеді.
- жұмыскердің университетте істеген қызметі туралы анықтамалар және басқа құжаттар дайындайды.
- жыл сайын еңбек демалысының кестесін жасайды және университет қызметкерлеріне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруді бақылайды.
- жыл сайынғы еңбек демалысының бектіліген кесте бойынша берілуін рәсімдейді.
- орындаушылық және еңбек тәртібін бақылауға алады.
- қызметкерлердің ебек қызметін растайтын құжаттардың сақталуын және университет мұрағатына тапсырылуын бекітілген тәртіпте қамтамасыз етеді.
- ректордың бұйрығымен тапсырылған басқа да қызметтерді орындайды.
Бөлім қызметкерлері
Нигматуллина Фаузия Саитшарифқызы - жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маманы
Тусупова Ардак Максутовна - II санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маманы
Окасова Балнур Маулитбаевна - II санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маманы
Гаппасова Лаура Амангельдиновна - қызметкерлерді басқару бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейлі маманы
Байланыс мәліметтері:
Павлодар қ., Ломов көшесі, 64
Бас ғимарат, каб №318
Телефон: (8-7182) 673665 (1181)