Жетекшісі: Мұкышева Асия – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың қаржы-экономика факультетінің 3 курс студенті.

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі аясында белсенді студенттер консолидациясы. Жас Қазақстандықтардың күш-жігерін конструктивтік салаға жұмсауы. Студенттік ортада білім негізін енгізу.

Міндеттері: Қазақстан студенттер Альянсының аудиториясын кеңейту. Тілді, тарихты, мәдениет пен ұлттық дәстүрлерімізді дәріптейтін Қазақстан жастарын тәрбиелеу. Халықаралық деңгейге шығу, Таяу және Шалғай шетелдік студенттік ұйымдармен байланыс жасау.

Қызметі: ҚАС ҚР ғылым және білім Министрлігі қолданады, қол қойылған келісім щеңберінде ҚР ЖОО-дың ректорлары Кеңесімен қызмет етеді. ҚАС белсенділері түрлі конкурстар мен акцияларға өздерінің жастарын қатысуға тартады, олар: «Қалай тұрасын, студент?», «Қалай тамақтанасын, студент?», жасы үлкен адамдар күніне арналған «Жастар игілікті істер үшін», «Нашақорсыз өмір», «Дені сау жастар – дені сау демалыс», «Волонтерлік әрекеттер» конкурсы және т.б. Бізді қоршаған орта табиғаты мен туған қаламыздың қамы үшін өзінің еңбегінің бөлігін сіңіруге дайын, университет студенттері мұнда жыл сайын қатысатын, Ертіс өзенінің сол жақ жағажай жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалау» экологиялық акциясы Павлодар қ. ҚАС қамқорлығымен 2012 жылдың шілдесінде өткізді.