Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы С.Торайғыров атындағы ПМУ 2011-2020 жылдар Даму стратегиялық жоспары мен Университеттің жұмыс жоспары бойынша орындалады. 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

- ынталы ізденіс ғылыми зерттеулер орындау;

- іргелі зерттеулер бағдарламасы аясында ҚР БҒМ бойынша қаржыландыратын жұмыстарды орындау;

- шаруашылық шартты жұмыстарды орындау;

- магистратурада педагогикалық кадрларды дайындау;

- ғылыми конференцияда кафедра оқытушылардың катысуы;

- ғылыми мақалаларды, оқулықтарды, монографияларды дайындау;

- ғылыми тағылымдаманы өтуы.

Кафедрада екі ынталы ізденіс ғылыми тақырыбы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: «Проблемы и перспективы развития финансовой системы РК в условиях глобализации» (жетекшілер – э.ғ.д., профессор Кафтункина Н.С., э.ғ.д., доценты Попп Л.А., Салихова А.Р., Айгужинова Д.З.); «Совершенствование финансового менеджмента корпораций в РК» (жетекшілер – э.ғ.д., доценты Попп Л.А., э.ғ.д., профессор Кафтункина).

Э.ғ.д., кафедра доценты А.Р. Салихова «Исламское финансирование: теория, практика, вопросы регулирования» атты ҚР БҒМ ғылыми Комитетінің  грантты қаржыландыруда ғылыми жобаның жетекшісі болып саналады.

«Қаржы және есеп» кафедрасының ҒЗЖ каржыландыру көлемі құрайды:

2012 жыл – 524,125 мың теңге (шаруашылық шарттық іс-әрекет); 

2013 жыл – 5 000 мың теңге (м/б - 4000 мың тнг., ш/ш - 1000мың тнг.); 

2014 жыл – 4 720 мың теңге (м/б - 4000 мың тнг.; ш/ш - 0,72 мың тнг.); 

2015 год – 4 000 мың теңге (м/б -4000 мың тнг.).

Кафедраның оқытушылары шетел тағылымдамаларда белсенді қатысады: 

- 2012 ж желтоқсан айы – 2013 жыл мамыр айы - Салихова А.Р., Швейцария, Монтре Бизнес Мектебі, «Экономика и управление народным хозяйством» бағдарламасы, «Болашақ» бағдарламасы;

- 2014 ж.  желтоқсан айы –2016 ж.  қантар айы - Мусина А.Ж., Чехия Республикасы, Прага қаласы, Жаралыстану ғылымдары Чехия  университеті, Erasmus Mundus Casia бағдарламасы.

Жыл сайын магистранттардың ғылыми тағылымдары келесі шетел университеттерде ұйымдастырылады: Балтика Халықаралық Академиясы (Рига, Латвия Республикасы), Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Экономика Университеті (Прага, Чехия), Ресей Федирациясы Үкіметі алдында (Москва, РФ), В. Корфантый атындағы Верхнесилезск экономика университеті (Катовице, Польша), Кемеров мемлекеттік университеті (Кемерово, РФ).

Ғылыми ыңтымақтастық туралы шарттар келесі ұйымдармен жасалған: 

1. Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Россия, Омск); 

2. Ресей мемлекеттік сауда-экономикалық университеті (Россия, Москва);

3. Зелена Гура қаласының университеті. (Зелёна Гура, Польша). 

4. Балтика Халықаралық Академиясы (Рига , Латвия).

5. Экономикалық университет. Кәсіпорынның экономикасы және менеджмент факультеті (Прага, Чехия). 

6. Ресей Федирациясы Үкіметі алдында қаржы университеті ( Москва, РФ). 

7. София техникалық университеті (София, Болгария).

2012-2016 жж. бойы профессор мен оқытушылар құрамымен  кафедра республикалық және халықаралық басылымдарда 113 ғылыми жұмыстарды жарияланған. Соның ішінде тоғызы БҒСБК ұсынған, төртеуы импакт-факторы бар басылымдарда. 3 ғылыми монография шығарылған (ҚР-да).