Ғылыми-зерттеу жұмысы

Профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

- кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру: өңірлік аспект;

- Павлодар облысының тұрақты дамуының ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері;

- инновациялық және ғылыми қызметтің құралы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік.

Кафедра ПОҚ (э.ғ.к., профессор Кунязова С.К., т.ғ.к., профессор Эрназаров Т.Я., э.ғ.к., профессор Титков А.А.) TEMPUS бағдарламасы бойынша қаржыландырылатын «Халықты дамыту арқылы білім беру ұйымдарын дамытуға жәрдемдесу» халықаралық жобасының іске асырылуын аяқтады;

Ақсу және Ақсу аудандарының экономикалық даму стратегиясын әзірлеуге 726880 теңге сомасына келісімшарт жасалды.

Ғылыми зерттеулердің және кәсіби дамудың қорытындысы бойынша кафедраның профессорлық оқыткшылар құрамымен келесі бағыттар бойынша ғылыми жарияланымдарды жүргізеді:

- республикалық ғылыми журналдар, оның ішінде реферативті деректер базасына енгізілген;

- халықаралық ғылыми журналдар, оның ішінде реферативті деректер базасына енгізілген.

«Экономика» кафедрасының ПОҚ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда 100-ден астам мақала жариялады. Web of Science немесе Scopus деректерінде индекстелген ғылыми журналдарда 12 ғылыми мақала жарияланды.

Ғылыми қызмет нәтижелерін енгізу және профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру зияткерлік меншіктің тиісті сертификаттарымен және білім беру және өндіріс процесінде іске асыру актілерімен ресімделеді. Қазіргі уақытта кафедра оқу-өндірістік үдерісіне 5 интеллектуалдық меншік сертификатын және 10 еңгізу актілері рәсімделген.

Сонымен қатар, соңғы жылдары кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы 6 монография шығарған.

Экономика мамандықтарының студенттері Кузаиров Олжас, Жевоченко Ульяна және Махатова Ленура Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті ұйымдастырған отын-энергетикалық кешенді дамыту проблемалары бойынша Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысқаны үшін 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды, «НАРХОЗ» университеті ұйымдастырған Республикалық студенттік олимпиадаға қатысу үшін 3-дәрежелі дипломмен марапатталды, «XVIII Сатпаев оқулары» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар Халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға І дәрежелі дипломмен марапатталды.