Материалды – техникалық база

"Басқару және саясаттану" кафедрасына арнайы кабинеттер бекітілген:

1. Экономика ғылымдарының докторы, академик Я. А. Әубәкіров атындағы аудитория;

2. ҚР ҰҒА академигі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Г. Н. Иренов атындағы дәрісхана. 2013 жылдың қазан айында кафедра жанынан ұзақ жылдар бойы әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған профессор Г. Н. Иренов атындағы мамандандырылған аудитория ашылды.

Барлық дәрістерді оқытушылар инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқиды. Кафедра моноблокпен және мультимедиялық проектормен қамтамасыз етілуі дәріс-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға арналған. Кафедра Павлодар облысы әкімі жанындағы ішкі саясат департаментінде өз филиалын ашқан болатын.

Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін кафедрадан 8 дербес компьютер және 2 принтер бөлінген. Кафедра заманауи ыңғайлы жиһазбен жабдықталған. Мамандық бойынша қажетті заманауи әдебиеттердің 300-ден астамы меңгеруші кабинетінде орналасқан. Әдебиетті оқытушылар, магистранттар, студенттер пайдаланады.