Ғылыми–зерттеу жұмысы

1. Павлодар облысы әкімдігі білім басқармасы «Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжімен ғылыми зерттеулер бойынша шаруашылық келісім-шарт жасалды. «Шет тілдерін оқытуда инновациялық әдістерді енгізу» тақырыбында 36 сағат көлемінде оқытушының біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізілді, жетекшісі ф.ғ.к., ассоц. проф. Капанова Д.Е. қаржы көлемі - 100 мың теңге.

2. ЖОО оқу үрдісіне Б.К. Жұмабекованың кәсіби – бағытталған шетел тілі бойынша оқу құралына, М.Н. Мостоваяның « кәсіби – бағытталған шетел тілі (неміс тілі)» оқу құралына енгізу актілері жасалды.

3. «Мульттілді білім беру ортасында авторлық электрондық оқу курстарын қолдану арқылы басқа тілдік құзыреттілікті дамыту» (ҚР техника мен технология бакалаврияттарын дайындау үлгісінде) тақырыбында шетел ғылымымен бірге (пед.ғ.д., проф. Лазаренко И.Р., Ресей) монография шығарылды.

4. Шетел ғылымымен бірге Макарихина И.М. Қайырбаева А.К., И.Пежман (АҚШ) электрондық монографиясы «Development of foreign language teachers’ didactic preparation on the base of the competence approach» шығарылды.

5. РФ – да кандидаттық диссертациялардың қорғалуы – аға оқытушы Раисова А.Б., аға оқытушы Макарихина И.М.

6. ДААД бағдарламасы бойынша ғылыми ағылымдама (стажировка) – ф.ғ.к., доцент Жұмабекова Б.Қ.

7. «Болашак» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы тілдік және ғылыми ағылымдама - ф.ғ.к., доцент Кулахметова М.С., аға оқытушы, магистр Ергазинова Г.Д.