03 шілдеден 3 тамызға дейін – құжаттарды қабылдау.
4 тамыздан 20 тамызға дейін – білім беру бағдарламалары тобы бойынша қабылдау емтиханы.
28 тамыз – оқуға қабылдау.
Докторантураға «магистр» дәрежесі және 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураның білім беру бағдарламалары тобының атауы
1) D001 Педагогика және психология
2) D056 Аударма ісі, синхронды аударма
3) D059 Шетел филологиясы
4) D060 Филология
5) D070 Экономика
6) D072 Менеджмент және басқару
7) D080 Биология
8) D098 Жылу энергетикасы
9) D099 Энергетика және электротехника
10) D103 Механика және металл өңдеу
11) D104 Көлік, көліктік техника және технологиялар
12) D117 Металлургиялық инженерия
Докторантураға түсуші тұлғалар ЖОО-ға келесі құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжаттың көшірмесі (магистратура) қосымшасымен (түпнұсқа) +3 көшірме;
3) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат; IELTS шекті балы - 4,5 бал.
4) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
5) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен) + көшірме, RW қан талдауы, флюрография (түпнұсқа), екпе картасының көшірмесі оқуға түсушілер үшін (күндізгі оқу түрі);
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс -парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
8) зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі автореферат нысанындағы негіздеме;
9) байлау қалтасы, конверт (формат А5).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынады:
- ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP - 460 балдан кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, пороговый балл - 87 балдан кем емес), (TOEFL пороговый балл - 560 балдан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, пороговый балл - 5.5-тен кем емес);
- неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/ С1 деңгейі);
- француз тілі: Test de Franзais International™ (TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaise (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaise (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF - 400 балдан кем емес);
Оқуға түсуші докторантураның білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтиханын тек сол ЖОО мен ғылыми ұйымға тапсырады.
Докторанттар қатарына қабылдау жалпыеуропалық шет тілін меңгеру құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат және докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орындарына қабылданған кезде докторанттар тиісті білім беру бағдарламаларының тобынан білім беру бағдарламасын дербес таңдайды.
Білім беру тапсырысы бойынша оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу және (немесе) түсу емтихандарының сомасы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады – 150 балдан кем емес.
Докторантура мамандықтары
ПМУ білім беру бағдарламалары | Білім беру бағдарламасының топтамасы | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Білім беру бағдарламасы |
---|---|---|---|
8D01101Педагогика және психология | 8D011 | Педагогика және психология | Қарау |
8D02301Филология | 8D023 | Тілдер және әдебиет | қаз., рус. |
8D04101Экономика | 8D041 | Бизнес және басқару | Қарау |
8D05101Биология | 8D051 | Биологиялық және аралық ғылымдар | Қарау |
8D07102Көлік, көліктік техникасы және технологиялары | 8D071 | Инженерия және инженерлік іс | Қарау |
8D07103Электр энергетикасы | 8D071 | Инженерия және инженерлік іс | Қарау |
8D07101Машина жасау | 8D071 | Инженерия және инженерлік іс | |
8D07201Металлургия | 8D072 | Өндіріс және өңдеу өнеркәсібі |
Оқуға түсу емтиханының бағдарламасы
8D04101 ЭКОНОМИКА білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
8D05101 БИОЛОГИЯ білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
8D07101 МАШИНА ЖАСАУ білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
8D07103 ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
8D07201 МЕТАЛЛУРГИЯ білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы (2)
8D01101 ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасы
С.Торайғыров атындағы ПМУ бойынша докторантураға гранттар саны (оқуға түсу жылы - 2018)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
Мамандық бойынша докторантураға түсу емтиханының графигі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдау ережелері
конец
Байланыс деректері:
Павлодар қ., С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ломов көшесі, 64 (қабылдау комиссиясы жазғы кезеңде жұмыс істейді).