С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру гранты туралы ақпарат (талапкерге)
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру гранты (осыдан ары - ПМУ білім беру гранты) С. Торайғыров атындағы ПМУ білім беру гранттарын беру ережесіне және университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде талапкерге ПМУ-ға оқуға түскенде бір академиялық кезеңге беріледі.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне түскен кезде білім гранты келесі талапкерлерге беріледі:
1) «Алтын белгі» иегерлері;
2) 3 білім беру грантқа дейін этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен шетелдік азаматтарға беріледі;
3) профильды магистратураға оқуға шарт бойынша 14 –тен кем емес адамдарды тарта білген физикалық және занды тұлғаларға + 1 грант беріледі;
4) пәндік олимпиаданың облыстық туры және ғылыми жобалар сайыстарының С. Торайғыров атындағы ПМУ сертификаттарының жүлдегерлеріне 5-тен артық емес;
5) «Start up» жобалар сайысы бойынша сертификат иегерлеріне.
Қабылдау комиссиясы, А-128 кабинет, 673-773, 673-674 телефоны арқылы хабарласыңыздар.