Көркем әдебиет секторы

Көркем әдебиетті жоспарланған жүйелі қызмет арқылы және нақты ұйымдастырылған шаралар жүйесі негізінде көпшілікке тарату 2010 жылдың 1 наурызында көркем әдебиет секторының ашылуына жол ашты. Сектор абонемент және оқу залынан тұрады. Қорда әлемдік көркем әдебиет үлгілері және бос уақытта оқуға арналған кітаптар ұсынылған. Кітап қорының ашық болуы оқырмандардың кітаппен және басқа да басылымдармен жақын танысуына мүмкіндік береді.

Өз қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында студенттер мен оқытушылардың қолдауымен секторда «Вдохновение» атты кітапсүйер қауым клубы жұмыс жасауда. Қысқа мерзім ішінде аталмыш клуб студенттердің рухани және интеллектуалды қарым-қатынас орталығына айналды. Клуб репертуарында – есте қаларлықтай жарқын кештер, әдеби-музыкалық композициялар, қызықты адамдармен кездесулер, конференциялар, ауызша журналдар, экскурсиялар, саяхаттар бар. Және барлық шараларда басты көңіл кітапқа бөлінеді.

Толық жабдықталған, жайлы да тыныш оқу залында шығармашылық ахуалға барлық жағдай жасалған.

Баршаңызды көкем әдебиет секторына шақырамыз. (3/1 – Ауд.). Жұмыс уақыты сағ. 09.00 - 18.00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.