Қорларды сақтау

Кітапхананың негізгі кітапсақтау бөлімінде кітапхана қорындағы барлық құжаттарды ұйымдастыру, сақтау және пайдалану жүзеге асырылады. Қордың жалпы көлемі 700 мыңнан астам бірлікті құрайды. Мұнда ғылыми, мәдени және тарихи мәні зор аса құнды кітаптар жинақталған.

Кітапсақтау бөлімі қызметкерлерінің міндеттері:

- әдебиеттердің жаңа түсірілімін негізгі қорға қабылдау;

- оқырмандар тапсырған әдебиеттерді орнына қою;

- кітаптарға кішігірім жөндеу жасау;

- кітапхананың құрылымдық бөлімшелеріне топографиялық каталог жүргізу;

- сирек кітаптар қорында оқырмандарға қызмет көрсету;

- кітап қорының ұзақмерзімді сақталуын қамтамасыз ету.