Қорды жасақтау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі
Бөлім меңгерушісі - Бондарь Галина Григорьевна
Бөлім міндеттері:
- кітапхана қорын ЖОО салаларына және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастыру;
- кітапхана қорына келіп түсетін және шығатын әдебиеттерге есеп жүргізу;
- бөлімнің университет факультеттерімен, кафедраларымен, құрылымдық бөлімдерімен бірігіп жұмыс жасауын үйлестіру;
- ҚР мен ТМД баспаларымен және кітап саудасы ұйымдарымен қызмет істеу;
- құжаттардың толық және жедел ғылыми өңделуін қамтамасыз ету;
- анықтамалық-іздестіру аппаратын жасау.
Бөлім қызметтері:
- кітапхана қорын ағымдық және қосымша толымдауды жүзеге асыру;
- кафедралар мен кітапхана бөлімдерінің кітап саудасы фирмалары және кітап дүкендерінің тізімдері бойынша жасалған өтінімі негізінде алдын-ала тапсырыс жасау;
- әр түрлі толымдау көздерін пайдалана отырып құжаттарды сатып алу; мерзімдік және жазылымдық басылымдарға жазылым ресімдеу;;
- бөлімнің анықтамалық-іздестіру аппаратын ұйымдастыру (электронды түрде)::
1) ағымдағы толымдау және орындалған тапсырыстар картотекасы;
2) мерзімдік басылымдарды тіркеу картотекасы;
3) инвентарсыз есепке алу картотекасы.
- құжаттарды классификациялық және каталогтық өңдеу;
- кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппаратын ұйымдастыру және жүргізу.
ҒК қоры:
- Оқу және ғылыми әдебиеттер
- Қоғам қайраткерлерінің басылымдары
- Монографиялар
- Ғылыми еңбектер жинағы
- Диссертациялар және диссертациялар авторефераты
- Ғылыми-көпшілік кітаптар
- Жалғаспалы басылымдар
- Кітапшалар
- Көркем әдебиеттер
- Нормативті-техникалық құжаттардың арнайы түрлері
- Қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 300-ден астам журналдар мен газеттер
- Оқытушылар еңбектері
- CD-дискілер
2015 жылдың 1 қыркүйегіне кітапханалық қор 897 138 дана басылымды құрайды. Оның ішінде : кітаптар – 709 837 дана, журналдар – 76 270 дана, газеттер – 926 жинақ, нормативті-техникалық құжаттардың арнайы түрлері (СНИПтер, ЕНИРлер) – 4 654 дана, диссертациялар мен диссертациялар авторефераттары – 6 350 дана., уақытша кітапшалар – 95 060 дана., электронды тасымалдауыштардағы басылымдар (дискеттер, аудиокассеталар, бейнекассеталар, CD-дискілер, DVD-дискілер) – 4 041 дана. Мемлекеттік тілдегі басылымдар – 167 370 дана., шетел тілдеріндегі басылымдар – 7 152 дана.


Кітапхана қорларының мазмұнын ғылыми-негізделген және жедел түрде ашуды іске асыру электрондық және дәстүрлі каталогтар арқылы жүзеге асырылады. ПМУ-дің ҒК-ның каталогтар жүйесіне төмендегілер енеді:
• Электрондық каталог («Кітаптар» ДБ, «Диссертациялар» ДБ);
• Бас алфавиттік каталог;
• Оқырмандар алфавиттік каталогы (қазақ және орыс тілдерінде берілген қатарларымен);
• Жүйелік каталог (қазақ және орыс тілдерінде берілген қатарларымен);
• Шетел тілдеріндегі әдебиеттердің жүйелік каталогы;
• «Медиатека» жүйелік каталогы;
• Нөмірлік каталог.
Қорды толымдау және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапханалық каталогтар бойынша ақпарат іздеуде практикалық және консультативтік көмек көрсетеді:
• осы кітапханада құжаттың бар екенін анықтау;
• құжаттың библиографиялық деректерін анықтау;
• құжаттың сақталу орнын анықтау.
Қосымша қызметтер:
- ғылыми, оқу басылымдарды және жарияланымға дайындалған мақалаларды индекстеу (ӘОЖ, КБЖ, ҒТАМР).
Электрондық каталог («Кітаптар» деректік базасы) 1.01.2015 ж.

Бөлім қызметкерлері
Әбелдинова Т.Ә. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты кітапханашы
Вагнер В.Н. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты кітапханашы
Ергожина А.Т. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты кітапханашы
Жақауова Г.Е. - біліктілігі жоғары деңгейлі, бірінші санатты кітапханашы
Қарабалина Р.С. - біліктілігі жоғары деңгейлі, жоғары санатты кітапханашы
Мекенжай:
байланыс мәліметтері:
Павлодар қ., Ломов к-сі, 64
Академик С. Бейсембаев атындағы Ғылыми кітапхана
тел. 8-7182-67-36-84 (вн. 11-45)