Кафедра тұсында студенттер алынған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітулеріне мүмкіндік беретін мамандырылған  мемлекет және құқық  теориясы, конституциялық құқық кабинеттері және сот отырысы оқу залы жұмыстарын жүзеге асырады.

Сот отырысы залы, А-440

Бұл аудиторияда келесідей пәндер бойынша сабақтар өткізіледі: «ҚР Азаматтық құқығы», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР Қылмыстық құқығы», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика», «Қылмыснама», «Сот және сот төрелігі», «Соттық риторика» және т.б.

Сонымен қатар, сот отырысы залында судъяның, прокурордың және алқа билар сотының қатысуымен шынайы сот отырыстарын өткізумен байланысты рөлдік ойындар ұйымдастырылады. 

Мемлекет және құқық теориясы кабинеті, А-436

Берілген аудиторияда келесідей пәндер бойынша сабақтар: «Мемлекет және құқық теориясы», «Мемлекет және құқық теориясының мәселелері», «Әкімшілік құқық», «Отбасы құқығы», «Тұрғын үй құқығы» және т.б. 

Конституциялық құқық кабинеті, А-533

Бұл аудиторияда келесідей пәндер бойынша сабақтар өткізіледі: «Конституциялық құқық», «Конституциялық құқықтың мәселелері» және т.б.