Экономика және қаржы департаментінің білім алушылар контингентінің кіріс пен қозғалыс бөлімі С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып саналады және экономика мен қаржы департаментінің директоры – бас бухгалтерге бағынады.
Бөлім келесі негізгі міндеттерді атқарады:
- Перспективалы және ағымдағы жоспарда мамандарды даярлау, білім алу үшін тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби өсуіне бағытталған қажетті жағдай жасау;
- Студенттер контингентінің қозғалысы мен қарыздылығын бақылау үшін қажет ақпаратты дайындау;
- Студенттер контингентінің қозғалысына бақылау жасау;
- Студенттер, магистранттар, докторантармен түсіндіру жұмысын жүргізуді іске асыру;
- Кірісті есептеу және ай сайын дебиторлық және кредиторлық қарызды төлеуді қамтамасыз ету.
Бөлім келесі функцияларды атқарады:
- Факультеттермен қоса келісім-шарт бойынша шығындарды өтейтін әр студенттің құжаттарын дайындау;
- Факультет бойынша білім алушыларды мамандықтар, курс, оқу формасы бойынша уақытында есепке алу;
- Білім алушылардың контингенті бойынша банк бойынша түсетін ақшалай құралдарды уақытында есепке алу;
- Қабылдау комиссиясы кезінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету келісім-шарттарын дайындау;
- Білім алушылардың контингенті бойынша оқуға алу және оқудан шығару жөніндегі бұйрықтарды өндеу;
- Университет басшылығы үшін анықтама, есеп және басқа материалдар түрінде ақпарат беру;
- Бөлімге оның функцияларына қатысты түсетін сұраныс, хаттар бойынша уақытында жауап дайындау.
Бөлім қызметкерлері:
Мұқашева Ажар Дулатқызы - Білім алушылар контингентінің кіріс пен қозғалыс бөлімінің бастығы. Еңбек өтілі - 7 жыл, соның ішінде ПМУ-де - 5 жыл.
Шепотатьева Екатерина Сергеевна - жоғары категориялы, біліктілігі жоғары деңгейлі бухгалтер. Еңбек өтілі - 8 жыл, соның ішінде ПМУ-де – 8 жыл.