МАШФАК ЧЕМПИОН
Toraighyrov University-де ПОҚ мен университет арасындағы волейбол жарысы аяқталды. Бәсекеде бірінші орынға ие болу үшін сегіз факультеттің қызметкерлері бақтарын сынады.
Әр командада бір-бір нәзік жанды болды. Құрамалар соңына дейін тартысты ойын өрнегін көрсетті. Соңғы есеп 23:25.
Ойын қорытындысы бойынша машина жасау факультетінің өкілдері 2019 жылдың чемпиондары атанды.
Екінші орынға әскери кафедра, ал энергетика факультетінің командасы үшінші орынға ие болды