Орталық туралы

ЕНГИЛИКА ЖҰМАТАЕВА– педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіне қарасты Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологияларының ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Е.Жұматаеваның Білім және педагогика ғылым саласында ерекше еңбегі үшін мынадай наградалармен: «Қазақ ССР халық ағарту ісінің одақ қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин», «Ана тілі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбек үшін» медальдарының иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдар құрамына енгізілді.

2005 жылдың сәуір айынан 2007 жылға дейінгі аралықта ҒПО директоры Е.Жұматаева Астана қаласындағы ЕАГИ–да диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы Бөкетов атындағы ҚарМУ диссертациялық кеңестің мүшесі.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Жұматаева 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша 13 кандидаттық және докторлық зерттеу жұмыстарына оппонент болып, Астана, Алматы, Атырау, Түркістан, Қарағанды қалаларындағы кеңеске қатысты. Ғалымның жетекшілігімен 8 кандидаттық диссертация қорғалды, 28 ізденуші ғылыми жұмыс жазуда.

Халықаралық ғылыми-педагогикалық «Ұлт тағылымы» және «Тәрбие құралы» журналдарының, ЖАК ұсынылған «ПМУ хабаршысы» журналының Педагогика сериясының редакция алқасының мүшесі.

120-дан астам ғылыми мақалалар, оқу құралдар, оқулықтар, монографиялар және екі ғылыми жобаның авторы.

2006 жылы «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі басқарудың білімдену инновациялық технологияларын іске асыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған ғылыми жобаның 3 миллион теңге грантының иегері, мемлекеттік тапсырысы бойынша өткізілген «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы тұрақты дамуының негізі – ұлттық мұраттар негізіндегі қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары» атты байқауына қатысып, «Қазақстан қоғамының көпұлтты консолидациясы – жалпы адамзаттық мұраттар негізі» тақырыбы бойынша 3 миллион теңге гранты ұтып алды.

2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Оқу-тәрбие үдерісін басқаруда біліктілікті арттыру және дайындау» атты №1 лото бойынша «Білім беретін ұйым басшыларының педагогикалық – ұйымдастырушылық негізі» атты жобаға қатысты.

2006 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының педагогикалық білім беру халықаралық ғылым Академиясының (ПБХҒА-ның) корреспондент-мүшесі және академигі болып сайланды.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үздік ғалымы атанды.

2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері.

2007 жылы «Үздік оқытушысы» конкурсының «Үздік профессор» номинациясының иегері.

2007 жылы Новосібір қаласындағы сәулет институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім-шартқа отырды.

2008 жылы Омбы қаласындағы Мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім-шартқа отырды.

2008 жылы ФИДЖИП президентінің шақыруымен Францияда өткен халықаралық ғылыми семинарға қатысты.

2008 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін алтын медальдің ұсынылуымен Ы.Алтынсарин атындағы ҚР БҒМ бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы.

2009 жылы Ұлттық тәрбие мәселесі бойынша Республикалық координациялық кеңесіне мүше болып енді (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2009 ж. 20 қарашасының №332 бұйрығымен)

2009 жылы Халықаралық педагогика білімдері ғылым академиясының академигі.

2009 жылы Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі болып қабылданды (академик).

2010 жылы Орындаушылық өнер кафедрасының меңгерушісі.

2010 жылы С.Торайғыров атындағы алтын медалінің иегері.

2009-2011 жж. «Қазақстан» республикалық телеарнасында Қазақстанның ұлы ғалымдар мен қайраткерлерге арналған «Тау тұлғалар» атты бағдарламасының қатысушысы.

2011 жылы орталық директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Жұматаева Германия мемлекетінің Дюссельдорф қаласының Euregio Hochschule, University College шақырылып, Europäischen Akademie Für psye hosoziale Sesundheit und Kreativitäts Eörderung in Trägerschart des Frutz Perls Institutes vonn орталығында дәріс тыңдады, UnivProt. Dr. mult. Hilocion Petzold тәжірибе алмасты.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап ғылыми орталық 15 блокты құрайтын «Ваучер – модуль жүйесі: «Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» (қазіргі кезде Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ендірілуде) проектісі дайындалды, Ертіс, Успен, Қашыр, Баянауыл, Екібастұз аудандарының «Білім беру басқармалармен», Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатымен келісімшарттар жасалды. Мектеп, лице, гимназия басшылары мен ұстаздарына Ваучер – модуль жүйесі: «Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» атты проект бойынша лекция оқылып, семинар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

2013 жылдың маусымында орталық директоры Е. Жұматаева Испания қаласына жас таланттар конкурсының алқасы ретінде шақырылды.

2013 жылы Е. Жұматаеваның басшылығымен 2 PhD докторанты докторлық диссертацияларынқорғап шықты (Сейфулина М., Анессова А).

2014 жылы «Компания компас Азия» Инновациялық республикалық білім беру орталығының шақыруымен біздің орталық балалардың инновациялық проектілерін құрастыруға эксперт ретінде қатысады.

2014 жылдың қараша айында ақын, әдебиеттанушы, Қазақстанның қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовпен шығармашылық кездесуге белсенді қатысты. ҒПО-ның директоры Е.Жұматаева Олжас Сүлейменов туралы театрландырылған композицияның сценарийін жасады. Тақырыбы бойынша: «Олжас Сүлейменов шығармашылығы – даналар тұғырын орыс тілінде ғаламға танытқан ұлылықтың асқақ жаршысы». 

2016ж. Ұлттық Республикалық теледидардың шақыруымен қызметкерлер «Қазақстан», «Тау-Тұлғалар» телевизиялық бағдарламасына қатысады. 

2015-2018 жж. ҒПО-ның қызметкерлері НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға қатысуға шақырылады. 

2017-2018 жж. Республикалық теледидар үшін бағдарламалар дайындалды Қолға тағылатын зергерлік әшекейлер». «Казақ білезіктің пайданалану тарихы». «Қазақтың ою-өрнектері мен зергерлік бұйымдары». «Қазақ Наурызы Уыз мереке деп атаған».  

2018 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-да 6D01000 диссертациялық кеңестің төрайым болып ҒПО-ңың директоры Е.Жұматаева сайланды. Халықаралық жарияланымдарда қызметкерлердің ғылыми мақалалары жарияланады. 2017-2018 жылдары. Малайзияда, Жапонияда.  

2018 жылы Атырау Халықаралық форумға қатысу Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Қазақстан Президентінің Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру» бағдармалық мақаласын асыру мақсатындағы «Наурыз- адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы ретінде» Халықаралық ғылыми конференция.  

« Гауһар дәстүрлердің қайта жаңғыру - болашақ кепілі» Атырау. Наурыз 2018.  

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасы «Балаларға арналған баспана «үшін ұйымдастырған» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде тәрбие үдерісін ұйымдастыру» атты дөңгелек үстелге қатысу және сөз сөйлеу.

Қызметкерлердің қатысуымен «Рухани жаңғыру» цикліндегі телебағдарламалар  

  1. «Рухани жаңғыру» Герольтің шығармаларындағы қазақ еліне қосқан рухани үлесі
  2. «Бұхар Жырау шығармашылығының қоғамдық сананы модернизациялау».2018
  3. Мәшһүр-Жүсіп шағармаларындағы философиялық тұжырымдарға парадигмамен талдау жасау (цифлік технология негізіне салудың амалдары). 2018
  4. Қоржын салудың ғылыми негізі- қуаныш сыйлау. 2018

Электрондық мекен-жай:

 

Беисова Алмагүл Еренбаққызы — ғылыми қызметкер

Білімі: жоғары. 1976-1981 жылдары А.Островский атындағы Украинаның Винница қаласындағы педагогикалық институтта білім алды.

Мамандығы: Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері.

Еңбек өтілі: 30 жыл.

Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологияларын оқыту ҒПО ашылған күннен бастап, осы орталықта жұмыс істеп келеді. ҒПО директорының орынбасары қызметін атқарады. Ғылыми қызметкер А.Е.Беисова орталықтан шығатын барлық ғылыми кітаптардың жарық көруіне бірден-бір белсенді ат салысушы. «ҚР білім берді басқару жүйесінде инновациялық технологияларды жүзеге асыру» және «Қазақстан қоғамындағы полиэтникалық консолидациясы – жалпыхалықтық идеяның негізі» атты бағдарламаның жобасына қатысты зерттеу жұмысына қатысады. Ғылыми қызметкер А.Е.Беисова орталықтағы басқа да ғылыми қызметкерлермен бірге Облыстық жер бөлімі департаментіндегі қызметкерлер үшін жыл сайын қазақ тілін үйрету курстарын жүргізеді. Осыған байланысты «Халықаралық білім орталықтары» үшін Ұлыбритания, АҚШ, Канада мен Австралия елшіліктерінің ұсынуымен арнайы мектептер жүйесінің «Новое Поколение» орталығы үшін арнайы бағдарлама жасады.

Республикалық, облыстық, халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияларға үнемі қатысады. Мақалалары ҚР, алыс жақын шет елдердегі (Франция) шығатын ғылыми журналдарда жарық көрді.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап ғылыми орталық 15 блокты құрайтын «Ваучер – модуль жүйесі: «Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» (қазіргі кезде Павлодар облысының қалалары мен аудандарында ендірілуде) проектісі дайындалды, Ертіс, Успен, Қашыр, Баянауыл, Екібастұз аудандарының «Білім беру басқармалармен», Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатымен келісімшарттар жасалды. Мектеп, лице, гимназия басшылары мен ұстаздарына Ваучер – модуль жүйесі: «Жалпы білім беретін және жаңа типті мектептерде білімденудің инновациялық технологияларының ғылыми негізі» атты проект бойынша лекция оқылып, семинар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

2018жылы Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы білім беру басқармасы «Балаларға арналған баспана «үшін ұйымдастырған» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде тәрбие үдерісін ұйымдастыру» атты дөңгелек үстелге қатысу және сөз сөйлеу.

2015-2018 жж. монографиялар, оқу құралдары басылып шығарылды:

  1. Жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық жүйесінің теориясы (монография);
  2. Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы (монография);
  3. Білімденудің инновациялық технологияларын интеллектуалды ұлт құрау үдерісінде тиімді қолданудың мүмкіндігі, монография);
  4. Мүсреповтің шеберлігі» монография);
  5. Музыкалық педагогика (монография).

Ұлттық Республикалық теледидардың шақыруымен қызметкерлер «Қазақстан», «Тау-Тұлалар» телевизиялық бағдарламасына қатысады. Республикалық теледидар үшін бағдарламалар дайындалды

Март 2017 «Қазақ Наурызы Уыз мереке деп атаған».

2017-2018 жылдары Халықаралық жарияланымдарда қызметкерлердің ғылыми мақалалары жарияланады. Малайзияда, Жапонияда.

E-mail: