Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізіміОрман бөлімшесінің басшысы, орман бөлімшесінің басшысының көмекшісі, орман шаруашылығы инженері, орман екпелері инженері, орманды күзету және қорғау инженері, инженер-таксатор, орман инспекторы, орман питомнигі шебері, көгалдандырушы шебері.
Кәсіптік қызмет саласы5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық бакалавр мамандығының кәсіби қызмет саласы – орман шаруашылығы, орман шаруашылығын құру, коммерциялық орманшылық, елді мекендерді көгалдандыру, қорғаныш орман алқаптарын өсіру, орман алқаағаштарын күту бола алады.
Кәсіптік қызмет нысандары5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық мамандығы түлегінің кәсіби қызметінің объектісі ретінде орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері, ұлттық және табиғи саябақтар, қорықтар, орман шаруашылығын құратын және жобалайтын кәсіпорындар, көгалдандыру ұйымдары, орман питомниктері, орман тұқымдары және селекция станциялары болып табылады.
Кәсіптік қызмет пәні5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық мамандығы бакалавр мамандығының кәсіби қызмет пәні ретінде орман ресурстарын есепке алу және орманды қорғайтын жұмыстарды ұйымдастыру; орманды негізгі, аралық және рекреациялық пайдалану, екпе ормандар мен көшет материалдарын өсіру, елді мекендерді көгалдандыру, орман тұқымдарын жинау және сақтау болып табылады.
Кәсіптік қызмет түрлері5В080700 – Орман ресурстары және орманшылық мамандығы бойынша бакалавр келесі кәсіби қызмет түрін орындай алады: - өндірістік-технологиялық; - ұйымдастыру және басқарушылық; - жобалық; - ғылыми-зерттеу.
Кәсіптік қызмет міндеттеріОрман кесуді жүргізу, орман шаруашылығы, екпе ормандар мен көгалдандыру жұмыстарының сапасын бақылау функцияларын орындайды.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіОрман ресурстарын, екпе ормандарды, жасыл алқа ағаштарды инвентаризациялау. Орман питомниктерінің, екпе ормандардың және орманды кесудің жобаларын дайындау. Орманға зиян келтірілгені, орман өрттері, орманшылық ережелерін бұзу туралы және т.б. актілер жасау.
Кәсіптік қызметтің мақсаты
Кәсіптік қызметтің құрамыОрманды өрттерден, заңсыз кесуден, зиянкестер мен аурулардан сақтауды қамтамасыз ету, орман қорларын тиімді пайдалану, орманды күту, қалпына келтіру және қорғаныш орман өсіру бойынша орман шаруашылық шараларын жүргізу.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb