Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050704  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген түлекке есептеу техникасы және бағдарламалық қамта- ма бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі мен лауазымдары Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеументтік қорғау Министрлігінің 21.11.2002 ж. №273-П бұй- рығымен бекітілген “Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес анықталады. 050704  Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығын бітірушілер мынадай қызметтерде жұмыс істей алатын болады: - санатсыз жоғары деңгейлі біліктілікті маман; - екінші санатты жоғары деңгейлі біліктілікті маман;  бірінші санатты жоғары біліктілікті маман.
Кәсіптік қызмет саласыБітірушілердің кәсіби қызметінің саласы есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекет- тік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады, нақтылап айтсақ: машина жасау, металургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару, яғни адамға қызмет етудің барлық саласында.
Кәсіптік қызмет нысандарыЕсептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет объектісі болып келесі объектілер саналады: - есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілері; - ақпарат өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері; - автоматтандырылған жобалау жүйелері; - есептеу техникасы құралдарының және ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарламалар, бағдарламалық кешендер мен жүйелер).
Кәсіптік қызмет пәні050704 - Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірушілердің кәсіптік қызмет пәндері: - жоғарыда аталған жүйелердің математикалық, ақпараттық, техникалық,эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етілуі.
Кәсіптік қызмет түрлері- жобалаушы-құрастырушылық; - өндірістік-технологиялық; - эксперименталды-зерттеушілік; - ұйымдастыру-басқарушылық; - эксплуатациялық.
Кәсіптік қызмет міндеттері050704 - Есептеу техниикасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалавр іргелі және арнаулы дайындығына сәйкес кәсіптік қызметтің объектілері бойынша келесі функцияларды атқара алады: - есептеу техникаларын жобалау; - есептеу және ақпараттық жүйелерді эксплуатациялау; - жүйелер мен желілірді әкімшілік ету; - есептеу жүйелері мен желілірді сүйемелдеу; - жүйелерді тестілеу; - бағдарламалық-аппараттық қорғалуын қамтамасыз ету
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі- аппаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін және оған сәйкес адам-машиналық интерфейстерін жобалау; - ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарын қолдану; - кәсіби қызмет объектілерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау; - кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру; - есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық модельдерін жүзеге асыру және таңдау; - кәсіби қызмет объектілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструменталды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және орнату; - ақпаратты басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу.
Кәсіптік қызметтің мақсатыКәсіптік қызмет бағыттары математикалық, ақпараттық, техникалық, эргономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз етілуі әзірлеу мен жүзеге асыру болып табылады, оған: - есептеу машиналары, кешендері, жүйелері және желілерінің; - ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің; - автоматтандырылған жобалау жүйелерінің; - есептеу техникасы құралдарының және ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі (бағдарлама- лар, бағдарламалық кешендер және жүйелер) қызметтері кіреді.
Кәсіптік қызметтің құрамыЖобалау-құрастырушылық қызметі бойынша: - пәндік аймақ моделіне және техникалық жабдықтар мүмкіндігіне негізделген кәсіптік қызметтің жеке объектісі компоненттерінің талаптарын және ерекшелігін әзірлеу; - аппараттық-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетін жобалау; - аппараттық-бағдарламалық кешендердің адам-машина интерфейсін жобалау; - аппараттық-бағдарламалық кешендерді тиімді түрде іске асыру үшін есептеу техника құралдарын бағдарламалау жабдықтарын қолдану; - қазіргі замандық әдістерге, құралдарға және жобалау технологиясына негізделе отырып ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің математикалық, лингвистикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтамаз етілуі элементтерін жобалау; Өндірістік-технологиялық қызмет бойынша: - талап етілген сапа бойынша ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерінің, бағдарлама және бағдарламалық кешендер өндірісінің компоненттерін жасау; - аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу; - сынау бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу; кәсіптік қызмет объектілеріне сынақ жүргізу; - аппараттық және бағдарламалық құралдарды кешендеу, есептеу жүйелерін, кешендерін және тораптарын жинақтау; - кәсіптік қызмет объектілерін сертификациялау. Эксперименттік-зерттемелік қызмет бойынша: - адам қызметінің ғылыми зерттеулердегі, жобалау-құрастырушылық қызметтеріндегі технологиялық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерді басқарудағы және гуманитарлық аймақтардағы мәселелерді шешуді жеңілдету үшін математикалық модельдерді, әдістерді, компьютерлік технологиялар мен жүйе- лерді таңдау; - әдістерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, аппараттық-бағдарламалық кешендер және жүйелерді теориялық және сараптық түрде зерттеу, талдау; - кәсіптік қызмет объектілерінің жұмысына байланысты есептік және ақпараттық үрдістердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу; - бағдарламалық-аппараттық кешендерді зерттеу жоспарларын, бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу. Ұйымдастырушы-басқарушылық қызметі бойынша: - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісінің жеке сатыларын зерттеу; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін бағалау, бақылау және басқару; - кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу және зерттеу үрдісін ұйымдастыру кезінде технологияларды, инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтарын таңдау; - қызметкерді кәсіптік қызмет объектілерін әзірлеу үрдісін ұйымдастырудың бекітілген шегінде оқыту. Эксплуатациялық қызмет бойынша: - есептеу жүйелерінің және тораптарының жүйелік, инструменталдық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату, жұмысқа икемдеу және қызмет көрсету; - түрлі жүйелердің бағдарламалық бұйымдарын қолдау; - кәсіптік қызмет объектісінің эксплуатациялық сипаттамаларын өлшеу әдістерін және жабдықтарын таңдау.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb