Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050729-Құрылыс мамандығы бойынша бітірген түлекке құрылыс бакалавры академиялық дәреже беріледі. Түлектердiң бiлiктiлiгi және қызметтерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекiтiлген "Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасына" сәйкес анықталады. 050729-Құрылыс мамандығы бойынша бiтiрген түлекке төменде көрсетілген қызметтерді істеуге рұқсат етіледі: - жетекші қызметі: учаске шебері, цех (учаске) бастығы, жұмыс өндіруші,цех шебері, ауысым бастығы, шаруашылық бөлімінің бастығы, жөндеу цехының бастығы, бастық (шеберхана меңгерушісі); - мамандар қызметі: ІІІ дәрежелі инженер-конструктор, ІІ дәрежелі инженер-лаборант, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру бойынша инженер, сапа бойынша инженер, қондырғыларды жинақтау бойынша инженер, құрылыс жұмыстарын қадағалау инженері, сынау және жөнге келтіру бойынша инженер, ғылыми-техникалық ақпарат бойынша инженер, еңбекті мөлшерлеу бойынша инженер, еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер, өн-дірісті басқаруды ұйымдастыру бойынша инженер,еңбекті қорғау және техни-ка қауіпсіздігі бойынша инженер, жөндеу бойынша инженер, ІІІ дәрежелі инже-нер-технолог, механик, техник, техник-конструктор, техник-лаборант, еңбек бойынша техник, техник-технолог; - жетекші, ғылыми және техникалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу,конструкторлық, технологиялық, жобалау және іздестіру ұжымдары үшін ортақ қызметтері: техник, лаборант, ІІІ дәрежелі инженер жобалаушы
Кәсіптік қызмет саласыКәсіби қызметінің саласы ретінде: құрылыс, машина жасау құрылысы, химиялық, таукен ісі, мұнай және газ өнеркәсіптері, металлургия саласы қолданылады
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады
Кәсіптік қызмет пәніМамандардың жігері құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, техникалық қондырғыларды және ғимараттарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеу ұжымдарында жетекші мамандардың жетекшілігімен жұмыстар жүргізуге бағытталған
Кәсіптік қызмет түрлері050729-Құрылыс мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: – өндірістік-басқарушылық – ғимараттарды, имараттарды инженерлік жүйелер мен жабдықтарды тұрғызу, жаңғырту бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстарын атқаратын; құрылыс машиналарын, механикалық, электрлік жабдықтарын және автоматтау құралдарын пайдаланатын және жөндейтін ұжымдарды басқару; – жобалық-конструкторлық – ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жүйелерін, механикалық және электрлік жабдықтары мен механизациялау құралдарын тұрғызу және жаңғырту бойынша жобалық-конструкторлық жұмыстарын орындау; – ұйымдастыру-технологиялық - муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының құрылыстық жұмыстарын ұйымдастыру; – ғылыми–педагогикалық - жалпы білім беру мекемелерінде және зерттеу орталықтарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүргізуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қатысу
Кәсіптік қызмет міндеттеріҚұрылысты жүргізу және дайындау процестерін, сондай-ақ, жобалау-іздестіру жұмыстарын басқару және ұйымдастыру
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіҚұрылыс-жинақтау, арнайы, жобалық-конструкторлық және ғылыми-педагогикалық жұмыстары
Кәсіптік қызметтің мақсатыАзаматтық, өнеркәсіптік, көліктік, коммуналдық тағайындаудағы нысандарды жобалау, құрылысты салу және пайдалану
Кәсіптік қызметтің құрамыҒимарат пен имараттың есептерін білікті жүргізу, техникалық шешімдерді сапалы безендіру, экология мен тіршілік қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, құрылыста техникалық ғимараттарды жаңғырту, құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb