Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша бiтiрген түлекке құқықтану бакалавры академиялық дәрежесi берiледi. Түлектердiң бiлiктiлiгi және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекiтiлген "Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасына" сәйкес анықталады.
Кәсіптік қызмет саласыМемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік беру.
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құқық қорғау органдары; мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банкілер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары бола алады.
Кәсіптік қызмет пәніКәсіби қызмет пәндері: - құқықтық нормалар; - заңға қатысы бар оқиғалар мен әрекеттер; - мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының қызметі - саласында пайда болатын құқықтық қатынастар; - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастар.
Кәсіптік қызмет түрлері5В030100 – Құқықтану мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мекемелерінде ұйымдастыру-басқару қызметі; - Ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот мекемелері және т.б. органдарында құқық қорғау қызметі; - заң кеңесшісі, адвокат есебінде заңдық және кеңес беру қызметі; - орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.
Кәсіптік қызмет міндеттеріКәсіби қызметінің функциялары: - құқық қорғау; - құқық қорғаушылық; - ұйымдастыру-басқару; - педагогикалық; - Қазақстан Республикасында зайырлы және құқықтық мемлекет құру; - заңды нақты орындау жеке және заңды тұлғалардың заң алдында теңдігі тұрғысында құқықты қолдану қызметін іске асыру; - құқықты қолдану тәжірибелерінің мәселелерін анықтау және ұлттық заң шығарушылықты жетілдіру.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіКәсіби қызметтің типтік міндеттері: - адам және адамзат құқықтары мен бостандықтарын қорғау нәтижелілігін арттыру; - кәсіпкерлік және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді қорғау және қолдау; - құқық бұзудың алдын алу; - азаматтық пен отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, конституция мен қоғамға қайшы келетін жағдайларды қабылдамауға тәрбиелеу; - заң және құқық тәртіптерін нығайту; - халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру және дамыту; - адам және азаматтың құқықтарын қорғау.
Кәсіптік қызметтің мақсатыҚұқықтану бакалаврының қызметі құқықтық нормаларды іске асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіппен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз ету мен бағытталады.
Кәсіптік қызметтің құрамыКәсіби қызметінің мазмұны: - құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу; - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, - заң ықпалының саласын кеңейту; - құқықтық реттеу тетігін жетілдіру; - құқықтық білімдері мен кәсіби дағдыларын тереңдету; - халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы; - жаңа заманға сай саяси-құқықтық көзқарастардың таратылуы; - қазіргі заңдарды сауатты қолдану; - адам және азамат құқықтарының, сонымен қатар қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерді орындау мақсатында демократиялық қоғамдық, мемлекеттік, құқықтық институттарды кеңінен қолдану.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb