Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050701-Биотехнология мамандығы бойынша бітірген түлекке биотехнология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі мен қызметтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. № 273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады. Бакалавр төмендегі мамандықтарға ие бола алады: Мамандықтар: - ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО-лардағы маман; - өндiрiстiк лабораториялардағы технолог; - биотехнологиялық өнеркәсiптердегi технолог-маман; - ауыл шаруашылық биотехнологиясының маманы; - тамақ өнеркәсiбiнiң маманы; - биотехнолог-селекционер; - экологиялық мекемелердiң маманы; - орта мектеп, гимназия және колледждердегi биология пәнiнiң оқытушысы т.б.
Кәсіптік қызмет саласыМамандықтың кәсiптiк қызмет көрсету саласы - әртүрлі мақсаттағы биотехнологиялық өнiмдердi өндiрiстiк жолмен алу және жаңа биотехнологиялық процестердi өңдеу; микроорганизм, өсiмдiк және жануарлар селекция; білім саласы.
Кәсіптік қызмет нысандарыБiтiрушiлердiң кәсiптiк қызмет объектісі болып табылады: - ғылыми-зерттеу институттары мен биотехнологиялық, биологиялық, медициналық және ауыл шаруашылық бағыттарындағы жоғары оқу орындары; - тағамдық және қайта өңдеу, микробиологиялық, фармацевтiк өнеркәсiптердiң өндiрiстiк мекемелерi мен лабораториялары; - ауыл шаруашылық мекемелерi; - ботаникалық және зоологиялық бақтар; - өсiмдiктердi қорғау станциялары; - селекциялық станциялар; - балық және аң өсiру зауыттары; - ЖОО-лар, орта мектептер, гимназиялар, колледждер; - экологиялық қызмет көрсету мекемелерi; - ауылшаруашылық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау лабораториялары.
Кәсіптік қызмет пәніБиотехнологияда биотехнологиялық процестерді, биологиялық объектiлерді (микробтық, өсiмдiктер, жануарлар), табиғаты органикалық және бейорганикалық биологиялық активтi заттарды қолдану мақсатында зерттеу.
Кәсіптік қызмет түрлері050701–Биотехнология мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсiби қызмет түрлерiн атқара алады: - өндiрiстiк-технологиялық; - селекциялық; - сервистiк-эксплуатациялық; - монтаждық-жөндеушiлiк; - есеп айыратын және жобалаушылық; - тәжiрибелiк-зерттеушiлiк; - бiлiм беру (педагогикалық).
Кәсіптік қызмет міндеттері050701–Биотехнология мамандығы бойынша бiтiрушi келесi функционалдық мiндеттердi орындауға дайын болуы тиiс: - биотехнологиялық өнiмдердi өндiрудi жүзеге асыру; - биотехнологиялық өнiмдердiң сапасын бақылау; - биотехнологияда объектілерді өсiру үшiн қажеттi жағдай жасау және биологияда іске асыру; - биотехнологиялық өндiрiстiң жеке кезеңдерiн ұйымдастыру.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі- биотехнологиялық процестердiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшiн микроорганизмдердi, өсiмдiктер мен жануарларды пайдалану; - технологиялық тәртіпті сақтау үшiн жағдайлар жасау; - биотехнологиялық өнiмдердiң технологиялық сипатын жақсарту және биотехнологиялық өндiрiс процестерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында биотехнологиялық әдiстердi жетiлдiру; - биотехнологиялық процестердi өңдеуге арналған техникалық құжаттарды жасау.
Кәсіптік қызметтің мақсатыБакалаврлардың кәсіби қызметі бағытталған: - биотехнологияның биологиялық объектілерін өсіру жағдайларын талдау және ең жақсысын іріктеп алу мақсатымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - тәжірибелік және өндірістік жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру және орындау; - өндіріс жағдайында биотехнологиялық процестерді жүзеге асыруын қамтамасыз ету
Кәсіптік қызметтің құрамыӨндiрiстiк-технологиялық: - тамақ өнiмдерiнiң негiзгi ингредиенттерiн талдауды жүзеге асыру; - шикi заттардың және дайын өнiмдердiң құрамын анықтау; - жаңа технологиялық процестердi құрастыру және енгiзу. Селекциялық: - микроорганизмдер, жануарлар және өсiмдiктер селекциясы үшiн бастапқы материалдар мәселесiн зерттеу; - микроорганизмдердiң, жануарлар және өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн олардың генотиптерiне қоршаған сыртқы ортаның факторларын зерттеу; - микроорганизмдер, өсiмдiктер және жануарлар селекциясының ерекшелiктерiн зерттеу, түрлердi қолға өсiруге үйрету; - селекция үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың әлемдiк гендер қорын зерттеу; - биотехнологиялық әдістерді ендiру жолымен селекциялық процестi интенсификациялау және оның нәтижелiлiгiн арттыру. Сервистiк және эксплуатациялық: - өндiрiстi метрологиялық құжаттармен қамтамасыз ету; - шикi заттар мен дайын өнiмдерге стандарттар құрастыру, оларды сертификаттармен қамтамасыз ету; - мамандықтың профилi бойынша жұмысшыларға арналған жеке қорғаныс жабдықтарын таңдау. Монтажды-жөндеушiлiк: - технологиялық процестердi зерттеу үшiн өлшеу техникаларын қолдану; - электрлiк құрылғылардың жұмысының қауiпсіздігін бақылау; - өндiрiстiк жұмыс орындарындағы микроклиматты, шаң басудың және ластанудың, келеңсiз дыбыстардың, тербелiстердiң, жарықтың деңгейлерiн өлшеу және бағалау. Есеп айыратын және жобалаушылық: - машиналардың, жабдықтардың және олардың бөлшектерiнiң нұсқалары мен сызбасын жасау; - жалпы түрдегi сызбаларды оқу; - жылу өндiру қабiлеттiлiгiн, жылу өткiзгiштiгiн, жылу тасымалдағыштығын есептеу; - өнеркәсiптердiң және әртүрлi мекемелердiң шаруашылық және коммерциялық қызметiн талдау; - маркетинг пен менеджменттiң ақпараттық базаларын талдау. Тәжiрибелiк-зерттеушiлiк: - биологиялық объектiлердiң тiршiлiк ету қасиеттерi мен процестерiн тәжiрибе жүзiнде зерттеу; - биотехнологиялық процестердi зерттеу; - биотехнологиялық қондырғылар мен жабдықтарды құрастыру; - шарауашылыққа құнды белгiлерi бар биологиялық объектiлердiң генотипiн модификациялау. Бiлiм беру (педагогикалық): - орта оқу орындарында биология және биотехнология негiздерiн оқыту.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb