Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050708 – Мұнай-газ ісі мамандығын бітірушілер келесі лауазымдарда қызмет істей алады: -бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, шебер; -мұнай және газды өндіру операторы; -ұңғыларды зерттеу операторы; -қабат қысымын ұстау цехының операторы; -мұнайды дайындау және айдау цехының операторы; -басты құрылым-жасақтарының зертханашысы; -ғылыми-зерттеу жұмысы цехының зертханашысы; - ұңғыны жерасты және күрделі жөндеу шеберінің көмекшісі; - мұнай және газды өндіру супервайзері (шебер, участок бастығы), - қабат қысымын ұстау цехының супервайзері (шебер, участок бастығы); - мұнайды дайындау және айдау цехының супервайзері (шебер, участок бастығы); -жобалау институтының технигі, инженері, жобалау-конструкторлық бюросының маманы; -ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, технигі, инженері, кіші ғылыми қызметкері.
Кәсіптік қызмет саласыБітірушілердің кәсіби қызмет саласы мұнай-газ кешенінің объектілеріндегі әртүрлі жұмыс түрлері кіреді
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіби қызмет объектілеріне: мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары; мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауға арналған техникалық құрылғылар мен жабдықтар; құрлықтағы және теңіздегі мұнай, газ және газконденсатты кен орындары жатады.
Кәсіптік қызмет пәніБітірушілердің кәсіптік қызмет пәні ретінде мұнайлы және газды қабаттар; мұнай және газ ұңғылары және олардың жерасты және жерүсті жабдықтары; бұрғылау қондырғылары және агрегаттары; кәсіпшілік және магистралдық құбырлар желісі; мұнай мен газды кәсіпшілікте дайындау қондырғылары; сорапты және компрессорлы қондырғылар; көмірсутектерді сақтауға арналған резервуарлар; ұңғыларды, қабаттарды және флюидтерді зерттеуге арналған қондырғылар; ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеуге арналған машиналар мен механизмдер болып табылады.
Кәсіптік қызмет түрлері050708 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады: - өндірістік-технологиялық қызметі –яғни, мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаумен, мұнай, мұнай өнімдерін және газды өндірумен, кәсіпшілікте және зауытта дайындаумен, тасымалдаумен және сақтаумен тікелей айналысатын мекемелерде; - өндірістік басқару қызметі – белгілі дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақтағаннан кейін мұнай өндірісінің мекемелерінде, компанияларында және ұжымдарында; - жобалау-конструкторлық қызметі – сәйкесті магистратураны аяқтағаннан соң мұнай және газды өндіруге, дайындауға, тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар мен технологиялық үрдістерді жобалаумен айналысатын жобалау-конструкторлық институттарда, бюроларда және ұжымдарда; - ғылыми-зерттеу қызметі – қабаттарды және ұңғыларды, қабаттық флюидтердің физика-химиялық қасиеттерін, айдалатын және сақталатын сұйықтар мен газдарды зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу институттарында және зертханаларында.
Кәсіптік қызмет міндеттеріБітірушілердің кәсіптік қызметінің негізгі функциялары: ұңғыларды бұрғылау, ұңғы сағасын бекіту және цементтеу, ұңғыны меңгеру, бұрғылау жабдықтарын пайдалану, мұнай және газ өндіру жабдықтарын пайдалану, ұңғылар мен қабаттарды зерттеу, мұнай мен газды өндірістік дайындауға тасымалдау және сақтауға арналған жабдықтарды пайдалану.
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі050708 – Мұнай-газ ісі мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметтің типтік мәселелері: - пайдаланудың әртүрлі тәсілдеріндегі ұңғылардың жабдықтарын таңдау және тиімді технологиялық режимді орнату; - табиғи режимде және қабат қысымын ұстау арқылы кен орнын игеруді талдау; - ағынды жеделдету мақсатында ұңғының түп маңы аймағына әсер ету тәсілдерінің техника-экономикалық негіздемесі; -ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жүйесін талдау; -жұмыстың геолого-техникалық жағдайларын ескере отырып ұңғыларды құрлықта және теңізде тұрғызу тәсілдерін таңдау; -ұңғылардың және мұнай-газ құрылымдарының конструкцияларын жобалау; -бұрғылау құбырларын және шегендеуші құбырлар тізбегін, теңіз бұрғылау жабдықтарының тірегін беріктікке есептеуді. Бұрғылаудың тиімді режимін жобалау; -бұрғылау қондырғысын таңдау және режимдік-технологиялық картасын жасау; -ұңғыларды тұрғызу жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге басшылық ету.
Кәсіптік қызметтің мақсатыКәсіптік қызметтің басқа бағыттары қатарында келесілерді жатқызуға болады: мұнай-газ саласының сервистік және мердігерлік мекемелерінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде және мемлекеттік техникалық бақылау органдарында, экологиялық және бақылау мекемелерінде, консалтингтік ұжымдарда.
Кәсіптік қызметтің құрамыӨндірістік-технологиялық қызмет бойынша: құрлықта және теңізде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау процесінің операцияларын орындау, соның ішінде сәйкес жабдықтармен бұрғылау қондырғыларын монтаждау, бұрғылау процесі, көтеріп-түсіру операцияларын орындау, бұрғылау режимін таңдау, ұңғы конструкциясын таңдау, өнімді қабаттарды сынау, қабаттан мұнай мен газ ағынын шақыру. Мұнай мен газ өндірудің технологиялық операцияларын орындау, игерудің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау, ұңғылардың тиімді технологиялық режимін орнату және жабдықтарын таңдау, сондай-ақ ұңғы өнімдерін жинау және дайындау жабдықтарын таңдау, қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістерін таңдау, мұнай және газ өндіруді жеделдету бойынша атқарылатын іс-шараларды таңдау және жүзеге асыру, қиыншылықтардың алдын алу бойынша атқарылатын шаралар, жабдықтарды жөндеу және жаңарту.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb