Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізімі050421 – Дизайн мамандығы бойынша бітірген түлекке дизайн бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген „Жетекшілірдің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына” сәйкес бакалаврлар бірінші дәрежелі техник, кіші ғылыми қызметкерлер, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу мекемелерінің инженерлері, конструкторлық және жобалау мекемелерінде және басқа да қызметте жұмыс істеулері мүмкін
Кәсіптік қызмет саласы050421 - Дизайн мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жүмыстарын орындауға мамандалады. Мамандықтары бойынша сәйкес келетін шығармашылық жобалау кәсіпорындарында жұмыс істеуге дайындалады
Кәсіптік қызмет нысандарыБітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып 050421.01 – Сәулет дизайны: қалалық, ауылдық, саябақтар кешені, кішігірім сәулет түрлері, көгалдандыру және ыңғайландыру элементтері, коммуникацияны сырттай бейнелеу, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы құралдар мен жиһаздар. Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістіктері, қоғамдық мақсатта қолданылатын жер асты үймереттері, жинақтау, ішкі көріністегі бұйымдар мен жиһаздар, көрмелік және сауда экспозициялары, ішкі және сыртқы көріністегі қолданбалы өнер бұйымдарының элементтері, ішкі сырттай коммуникация. 050421.02 – Графикалық дизайны: сызба белгілері, сауда белгілері, фирмалық стильдер, сырттай бейнелеу коммуникацияларының жүйелері, иллюстрациялар, кітаптарды көркемдеу, әсемдеп орау, жарнама, әлеуметтік жарнама, бұқаралық ақпараттардың электрондық және баспа жарнамасы, сыртқы жарнама. 050421.03 - Өндірістік дизайн: үлкен өндірістерде қолданылатын заттар мен бұйымдар және олардың кешендері, аз мөлшерде шығарылатын заттар мен бұйымдар, көлік түрлері, жабдықтар, жиһаз. Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау, тігін бұйымдарының топтық түрлері, аксессуарлар, тоқыма, сахна костюмдері саналады
Кәсіптік қызмет пәні050421 “Дизайн” мамандығы бойынша пәндер төмендегідей: - сәулеттік ортадағы дизайн, ішкі көрініс дизайны, ландшафтық дизайн, монументті-безендіру өнері; - жарнама дизайны, полиграфия дизайны, графика тілі және сырт көрініс мәдениеті, безендіру өнері және фотографика; - киім дизайны, жиһаз дизайны, техникалық дизайн және безендіру- қолданбалы өнер
Кәсіптік қызмет түрлері050421 “Дизайн” мамандығының бакалаврлары кәсіптік қызметтің мына түрлерін орындай алады: - жобалау-конструкторлық қызметі (дизайнер маманының жетекшілігімен): бұған нысандардың, бұйымдардың, заттардың жаңа модельдерін, макеттерін, жобаларын, бағыттарын дайындау; - ұйымдастыру-басқару қызметі: жобалау ісін басқару және ұйымдастыру саласындағы кәсіби компьютерлік бағдарламаларды білу; бизнес және бәсеке жағдайындағы кәсіпкерлік және қаржы қызметінің стратегиялары мен қағидаларының түрлерін оқып үйрену; - ғылыми-педагогикалық: ғылыми және оқу ұйымдарындағы жұмысты кіргізеді
Кәсіптік қызмет міндеттеріДизайн саласындағы кәсіби біліктілікке жету үшін үйлесімді әдемі кеңістікті жасай білуде көркемдік жобалаудың жаңа әдістерін, түрлерін және құралдарын қолдана білу керек. Сонымен қатар әр түрлі көркемдік нысандардың қалыпты жағдайларына байланысты үйлесімділікті көрсете білу керек
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесі050421 – “Дизайн” мамандығының түлектері эстетикалық талаптарға жауап беретін тауарлар мен бұйымдардың үлгілерін жобалау, компьютерлік модельдеу заттарының, нысандарының және ортасының пішінжасауы мен конструкциялануы, макетжасау, экспозицияларды дайындау міндеттерін шешеді
Кәсіптік қызметтің мақсаты050421 “Дизайн” мамандығының түлектері кәсіптік қызметтің мынандай бағыттарында: - сәулет дизайны (сәулеттік орта дизайны, ішкі көрініс дизайны, ландшафт дизайны, монументті-безендіру өнері); - графика дизайны (жарнама дизайны, полиграфия дизайны, графика тілі және сырт көрініс мәдениеті, безендіру өнері және фотографика): - өндірістік дизайнда (киім дизайны, жиһаз дизайны, техникалық дизайн және безендіру, қолданбалы өнері) жұмыс істей алады
Кәсіптік қызметтің құрамыКәсіптік қызметтің мазмұны әлеуметтік сұраныс алудан және оны талдаудан, күнделікті өмірде нысандардың дизайнын іске асыру және жобалау үрдісінің тікелей дизайн бағдарламаларын қалыптастыру мен жобалау стратегиясын дайындаудан тұрады
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb