Қателік
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
  • Error loading component: com_qualchar, 1
Біліктілік пен қызметтер тізімі
Біліктілік пен қызметтер тізіміБiтiрген түлекке 050508-Есеп және аудит мамандығы бойынша «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесi берiледi. 050508-Есеп және аудит мамандығы бойынша түлектердiң лауазымдары және қызметтерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекiтiлген "Жетекшiлердiң, мамандардың және басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiк анықтамасына" сәйкес анықталады.
Кәсіптік қызмет саласыКәсіби қызмет саласы: Кәсіби қызмет саласы болып мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары және ғылыми-зерттеу мекемелері болып табылады.
Кәсіптік қызмет нысандарыКәсіби қызметтің объектісі: Кәсіби қызмет объектісі активтердің құрамы мен орналасуында және оның құралу көздерінде өзгерістер тудыратын кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және шаруашылық операциялары, сонымен қатар, саланың ерекшелігін ескеретін, экономиканың әр түрлі саласындағы ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), ғылыми зерттеу мекемелері, құқықтық нысаны мен ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар бола алады.
Кәсіптік қызмет пәніКәсіби қызметтің пәні Осы профильдегі бакалаврлар ұйымдардағы қаржылық, шаруашылық және басқару ісін жүргізе білулері керек: -шаруашылық операцияларын тіркеу; - ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрастыру; - қаржылық есептіліктің аудиті мен талдауын ХАС сәйкес жүргізу.
Кәсіптік қызмет түрлеріКәсіби қызмет түрлері Бакалаврлар алған теориялық білімдерін, ұйымдардың қызметі жөніндегі ақпараттарды алып, талдап, талқылап, қорытып, бағалап және ұсына отырып тәжірибеде қолдана алуы тиіс. 050508-Есеп және аудит мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:  Ұйымдастыру-басқару қызметі. Бітіруші мемлекеттік қызметтерде қаржы және салық органдарында, кәсіпорындарда, сақтандыру ұйымдарында, банктер мен басқа қаржы мекемелерінде біліктілік жұмыстың машықтарын игеруі тиіс. Бухгалтерлік есебінің ғылыми-әдістемелік және ұйымдық-технологиялық базасын жасауға қатысады, басқа мамандармен біріге отырып, басқарудың неғұрлым тиімді әдістерін, бизнесті ұйымдастырудың ережелері мен рәсімдерін жасап қолданады, капиталдар нарығында қаржы институттарының қызметтеріне белсене қатысады; компанияның корпоративтік бейнесін қолдап, дамытады. - Өндірістік-технологиялық қызмет осы мамандық бойынша түлектердің прерогативасы болып танылады, өйткені оқу процесі олардан ақпараттарды жинап, тіркеу және жалпылау процестерімен байланысты барлық сұрақтардың жан-жақты оқылуын талап етеді; - Түлектердің есептеме-жобалық қызметі жаңа кәсіпорындарды немесе экономикалық жобаларды ұйымдастыруға қатысты несиелер, қарыздар және қызметін кеңейтуге арналған қаржылық қолдаулардың басқа да түрлерін алуға керекті арнайы құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, бизнес жоспар және тағы басқа) тиімділігін талдауға арналған мәліметтерді ұсына отырып, жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы жүзеге асырылады. - Осы мамандық түлектерінің білім беру (педагогикалық) қызметі орта арнайы оқу орындарындағы кәсіби қызметтерімен анықталады.
Кәсіптік қызмет міндеттеріКәсіби қызметтің функциялары: - есептік және статистикалық ақпараттарды жинақтау, мәліметтерді өңдеу және оны басқару шешімдерін қабылдауы үшін басшылардың, инвесторлардың, кредиторлардың, ішкі және сыртқы пайдаланушылардың қолдануына дайындап беру; - бағаның қалыптасуы, инвестициялар және өндірістің әдістері бойынша балама шешімдерді бағалау және талдау; - ұйымдардың қызметтерін жалпы бақылау және басқару; - бухгалтерлік есептің жүргізілуінің заңдық нормативтік актілерге сәйкес келуін тексеру, сонымен қатар кеңес беру қызметін көрсету (аудиторлық және кеңес беру қызметтері); - ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құрастыру; - шоғырландырылған қаржылық есепті құрастыру; - салықтық есептілікті құрастыру және салықтар бойынша декларация толтыру; - бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және ХҚЕС стандартына көшіру; -бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік актілерді жасақтау (нормативті-әдістемелік қызмет).
Кәсіптік қызметтің типтік мәселесіКәсіптік қызметтің типтік міндеттері: - оперативті жетекшілік пен басқару, сонымен қатар инвесторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, қарыз берушілер, мемлекеттік органдар, банктер және тағы басқа мүдделі тұлғалар пайдалануы үшін қажет болатын ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы нақты да, толыққанды ақпараттарды, бухгалтерлік есеп стандарттарына, бекітілген қағидаларға, қаржылық есептілікті құрастыру мен бухгалтерлік есепті жүргізу ережелеріне сәйкес қалыптастыруды қамтамасыз ету; - талдау мен аудиттің әдістемелері және техникасы мәселелері бойынша нұсқаулар мен ережелерді, есеп саясатын жасақтау; - қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процесті қайта қалыптастыруды ғылыми негізделген көрсеткіштердің негізінде жан-жақты зерттеу; - ұлттық экономиканың даму тенденциясын болжауды қорытындылау; - өндіріс тиімділігін арттырудың қолда бар резервтерін анықтау; - пайдаланушыларды сенімді ақпараттармен өз уақытылы қамтамасыз ету.
Кәсіптік қызметтің мақсатыКәсіби қызметтің бағыттары Берілген мамандық бакалаврлары меншік нысандары және қызмет аясы әр түрлі ұйымдарда экономикалық, басқару, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған.
Кәсіптік қызметтің құрамыКәсіби қызметтің мазмұны Берілген бағыт бакалаврлары білуі керек: - қаржылық есеп пен есептіліктің ролі мен принциптерін сипаттау; - ұйымның есеп саясатын жасау; -шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін дұрыс ұйымдастыру; - мүліктердің, міндеттемелер мен капиталдың қозғалыстарын есеп құжаттарында өз уақытылы тіркеу; - ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті ұйымдар үшін даярлау; - әлеуметті-экономикалық, қоғамдық-саяси құбылыстарды динамикада талдау; - қысқа және ұзақ мерзімді болжаулар жасау; - әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың құрылымын және олардың жиынтығын меңгеру; - бухгалтерлік есеп әдістемесін ұғыну; - өзінің қорғайтын көзқарастарын дәлелді жеткізе білу; - талдау негізінде оқылатын процестің дамуындағы пайда болатын тенденцияларды анықтау; - ұйымдық қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау; - басқару және өндірістік қызметтің деңгейін арттыруға ықпал ету; - шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметтерін талдау және ХАС сәйкес аудит жүргізу.
A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
Johnny Superb