Дата создания: 09.04.2020
Құрметті Мейрам Мұхаметрахимұлы, қайырлы күн! 20. 03.20 ж. жолдаған хатымның жауабын алдым. Сізге және қызметкерлеріңізге рақмет! Сөзіңізбен ісіңіз бірге жүретін қасиетіңізге бас иемін! Жас ұрпаққа кемел білім беріп отырған ұйымыңыз бәсекеге қабілеттілігін ешқашан жоғалтпай, республикалық және халықаралық аренада есімдеріңіз шыға берсін! Оқытқан студенттеріңіз еліміздің "Алтын сапа" атағына ие болсын! Іздегеніңіз ақиқат, көтергеніңіз әділеттің туы болсын. Еліміздің жүгімен арқа жауыр болып жүре беріңіз.
Дата ответа: 10.04.2020
Құрметті Бакытгуль Тулегеновна! Тілеген тілектеріңіз бен жылы лебізіңіз үшін алғысымды білдіремін! Жеке өзімнің және университет ұжымы атынан бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейміз! Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!